Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған қызмет ресурстар Қызығушылықты
ояту
0–3 минут
(Ұ, ПК ) «Мен осындаймын, біз осындаймыз» ойын
жаттығуы.
Балалар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына бір
бала шығып, «Мен – әдемімін (сымбаттымын)!» – дейді
де тиісті қимыл көрсетеді, қалғандары хормен «Біз –
әдеміміз (сымбаттымыз)!» деп айтады да, қимылды
қайталайды. Содан кейін келесі бала шығып, өзінің жеке
қасиетін атайды.
Кең, бос кеңістік.
Негізгі бөлім
4–12
13–27
(Ұ, Ө) Жүру, доппен түзету жаттығулары:
қолға доп
ұстап
(оң қол астында) жүру, аяқ ұшымен жүру – допты
алдыға ұстап бұрыла кеудеден беру.
Екі-екіден тізбекке тұру.
Доппен жалпы дамыту жаттығулары.
(Ұ, ПК) қос қолмен допты жерге соғу. Нұсқау – доптың жерге соғылу күшін саралап, секіріп
кеткен допты ұстап алу мүмкіндігін сәйкестендіру.
(т, Ө) Гимнастикалық орындықта алақан мен тізеге
сүйене отырып
еңбектеу . Бала бұл жаттығуды жасағанда
орындық үстінде оның аяқ пен қолының үйлесімді
жұмыс істеуіне назар аударады.
(т, Ө) Тепе-теңдік – басына қапшық қойып, қолын
белге қойып, еденде созылып жатқан арқан үстімен бір
бүйірмен адымдап жүру. Нұсқау – өкшені арқан табан
ортасында болатындай етіп қою.
Кең, бос кеңістік.
Бала санына қарай
доптар (диаметрі
20 см).
Гимнастикалық
орындықтар
(ені
20 см, биіктігі 40 см).
Ұзындығы 2 метр
арқандар (3 дана).
Динамикалық тепе-теңдік сақтау қажеттігіне назар
аударады.