207
бәсекелестігі жетілген нарық деп саналмайды.
Әйгілі америкалық экономист П.
Самуэльсон еркін нарық
жағдайындағы бәсекелестікті былайша сипаттайды:
«Бәсекелестік жүйесі нарық пен баға жүйесі арқылы саналы
түрде жүзеге аспаса да үйлестіруге әкелетін кейінге шегерілген
тетікті білдіреді. Ол, сондай-ақ, миллиондаған адамдардың танымын
кеңейтіп, күш-жігерін ұштайтын коммуникациялық құрылғыны да
еске түсіреді. Бәсекелестік бір орталықтан жоспарланып жатпай-ақ
мыңдаған белгісіз өзгермелілерді қамти отырып, барлық мәселені
шеше алады. Оны ешкім жобалай алмайды: ол өзгерістерге ұшырауға
бейім адам табиғаты тәрізді табиғи жолмен пайда болады. Алайда,
бұл жүйе барлық әлеуметтік ұйымдардың сын тезінен сүрінбей өтті
– ол өмір сүруге қабілетті екенін көрсетті».
Достарыңызбен бөлісу: