Екінші бөлім, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
МЕНЕДЖМЕНТ
13. Экономикалық егемендік жолындағы алғашқы
стратегиялар
Қазақстан экономикасын стратегиялық
басқарудың саяси-экономикалық негіздері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын
басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігі болып
табылады. Сексенінші жылдардың екінші жартысынан бастап
бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси
ахуал қарама – қайшылықтар сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты
көрсетті.
Мәскеудің Республика мен оның аймақтарының мүдделерін
ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде
орын алғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-
қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей – берекет
пайдалануына мүмкіндік берді, мұның ақыры экономикалық
ахуалдың шиелене түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең
басты себебі, жоғарыда аталғандай, жүйенің ішкі тоқырауында
болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды
кезекке тұру, ақшаның құнсыздануы болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ
кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен
қатар, көптеген мемлекеттердің тәжірибесі айқын дәлелдегендей,
барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішіндегі ең тиімдісі
нарықтық экономика еді. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді,
өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді,
өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті
тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда
нақтылы алғышарттар қажет болды. Осы бағытта 1990 жылы
25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың
Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мемлекетіміздің
тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші
Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған
77
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында
айрықша орын алады.
Аталып
өткен
құжаттардың
Республикадағы
саяси-
экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда
экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды
қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы
көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық
алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын
анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық
тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі
және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар
әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, материалдық, қаржылық
ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген
төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып
табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде
аса маңызды өзіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекеттік
бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру
жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында
экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары
бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі
нысандарына барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден,
мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді
және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден,
монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол
берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес
болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың
қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық
шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға
орнықты енуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси-
әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы
менеджменттің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей
қатысты. Басқарудағы ұйымдастырушылық фактордың рөлі
кәсіпкерлік ортада әрдайым жоғары бағаланған. Көпшілікке
78
әйгілі, американдық миллиардер Карнеги «Біздегі барлық завод,
фабрика, байланыс құралдары мен ақшаны алып қойып, тек біздегі
ұйымдастыруды қалдырсаңыз, төрт жылда бәрі де қайта қалпына
келеді», деп айтқан. Нашар ұйымдастырылған компанияны
ешқандайда нарықтық тетіктер құтқара алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |