79
органдардың құзыретін,
қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін,
сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгіледі.
Заңда бірқатар анықтамалар берілген. Мысалы: «Жергілікті
мемлекеттік басқару – жергілікті өкілді және атқарушы органдар
осы заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзырет
шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны
дамыту мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы
істің жай-күйіне жауапты қызмет».
Сонымен қатар өзін-өзі
қаржыландыру мәселесінде қарастырылған заңның үшінші
бабында былай деп жазылған: «Жергілікті мемлекеттік басқару
қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті
бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік; Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі
өзге де мүлік құрайды».
Басқару тұрғысынан алғанда мәслихаттардың құзыреттері
орынды көрсетілген. Оған дәлел: заңда жазылғандай,
мәслихаттардың құзыретіне тиісті
аймақты дамыту жоспарларын,
экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті
бюджетті және олардың атқарылуын бақылау берілген.
Ұғыну барысында екі Заңның айырмашылығын білу өте қажет.
Бірінші, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екінші,
жергілікті өзін-өзі басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару
органдарына емін-еркін бостандық беру негізі. Әрине заңдылық
шеңберінде.
Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы»
Заңында мынадай анықтама берілген: «Жергілікті өзін-өзі басқару
деп – Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына
сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық
құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын
халық билігін іске асырудың нысаны ұғынылады».
Заңның ұтымды
жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің
жергілікті қаржыландыруы туралы. Жергілікті қауымдастықтың
кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан;
жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және
оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті
қауымдастық кірістерінен; жергілікті
қауымдастық халқының өз
еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден; заңды
және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылық қорларынан; заңмен
80
тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: