Үшінші,
педагогикалық
құрылымды инструменталдық немесе технологиялық атауға
болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда
болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен
әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым
қалыптасып келе жатқанын кӛрсетіп отыр, оның негізіне
жоғарыда аталған құрылымдарға қарағанда білім, білік,
дағдылар мен қажетті сапалар синтезі ретінде қалыптасып
келе жатқаны белгілі.
Жобалауды
дайындау
және
құрастыру
кәсіби
мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар,
модельдер,
түсініктер,
ұғымдар,
формулалар
мен
алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын
ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық
бұқаралық
қарым–қатынас
саласында,
басқару
мен
экономика саласында, ақпараттық қызмет кӛрсету мен білім
беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан –
технологиялар
сипатында болады. Жеке–даралық жағдайда
бірде–бір ғылым саласы, теория мен тәжірибе немесе бір
мамандықтың ғана шеңберінде барлық технологиялық цикл
қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қатар, олардың
әрқайсысының
ӛміршеңдігі
ӛз
қызметінде
сыртқы
әрекеттерді қабылдай алушылық қабілеттілігіне тығыз
байланысты.
Осыдан
келіп,
қазіргі
заманға
тән
технологиялық мәдениеттен алатын орнын анықтау
субъектінің
жобалауды немесе бағдарламалауды құрастыру
мен жүзеге асырудағы
рӛлін
белгілеуі болып есептеледі.
Субъектінің ӛз мүмкіндіктерін анықтау немесе жүзеге
асыру үшін мәдени-техникалық деп шартты түрде аталатын
циклдың тӛмендегі позицияларының бірін ӛзіне алуға
қабілетті болуы тиіс. Олар осы циклды құрайтын мәдени
түрлердің қорын
сақтаушы, таратушы, жүйелеуші, құрушы
және
ұйымдастырушы
рӛльдерінің бірін атқарады. Ол
қызметтер сипаты тӛмендегідей:
36
− мәдени қорын
сақтаушы
– мәдени үрдісті, дәстүрлі
қалыпты ұстану, инновацияны қабылдамау;
− таратушы
– сан түрлі жаңалықтардың бір ғана
бағытын ұстану және оның мәдени және әлеуметтік маңызын
кӛтере отырып, таратылуына белсенді ықпал ету;
−
жүйелеуші
–таратушының
қызметіне
қарама–
қарсылық мақсатында мәдени жаңалықтарды жүйелеу,
түрлерге бӛлу, теориялар құрастыру;
− құрушы
–
бұл кейде ӛзінің сипатына сай
жаңалықтар
тудырушы деп аталады;
− ұйымдастырушы
– жоғарыда аталған барлық
позициядағы субъектілер қызметін келістіру, үйлестіру және
ұйымдастыру қызметі.
Жоғарыда аталған позициялардың ішінен
мәдениет
құрушы
тұрғысын қарастыратын болсақ, ол кӛбіне
жобалаушының позициясына сәйкес келеді. Ол үшін
мәдениет–ӛзінің айналаға кӛзқарасын білдірудің, ӛзіндік
тәжірибесін жариялаудың, ӛз түсінігін кӛрсете отырып, оны
дәлелдеудің
орны
болып
табылады.
Бұл
жерде
парадигмалық–құндылықтық негіздеме басты орын алады, ал
соның негізінде ұжымдағы келісімге келудің принципі–
коммуникативтік немесе әр адаммен тіл табысу арқылы
келісім
жасалынады.
Коммуникативтік
принциптің
сипаттамалық белгілері ретінде кәсіби позициялардың
мазмұнымен алмасу, тақырыпты жалпылау, талдау, талдау
кезінде барлық қатысушылардың позициялары тең сақталуы,
бір бірінің құндылықтық позицияларын түсіну және
қабылдау сияқты адамдардың әлеуметтік болмысының
ерекше түрі алынады. Осыған орай, адамның мәдениеті оның
белгілі бір ортада ӛзін ұстай алуынан кӛрінбейді, бұл
қасиеттер оның тәрбиелілігі мен дәстүрді сақтауына
байланысты, адамның мәдениеті оның ӛзіне бейтаныс
жағдайға немесе құбылысқа тап болған кезде оны басқа да
құбылыстар қатарына қоя ма, әлде ерекше құбылыс деп
есептей ме немесе жат құбылыс ретінде жойып жіберуге
тырыса ма, әлде қажетсіз деп қабылдамай ма, содан білінеді-
деген пікілер де бар.
Ұйымдастырушы
позициясы үшін мәдениет дәстүрлілік
пен инновациялықтың күресі ретінде кӛрінеді. Жаңа мен
37
бұрынғының
арасындағы
қарым–қатынас
дамуының
тӛмендегі бағыттары белгілі болып отыр, олар: экспанция,
ассимиляция, даму, шығармашылық, алмасу, қайталану,
аннигилиция.
Жобалаудың
дамыту мақсатын
кӛздейтінін ескере
отырып, оның мәдениет түрлері қабатындағы түсінігін
анықтап алу қажет. Мәдениет контекстінде
дамыт
у
дәстүрлілік пен инновациялықтың ӛзара келісімі негізінде
пайда болатын жаңа түзілім деп қарастырылады. Мәдениетті
ұйымдастырушының назары ең алдымен жобалаудың
құралдары мен механизміне, білім берудегі жобалардың
жүзеге
асырылуына
аударылады.
Сонымен
қатар,
жобалаушының ӛзі ұстанған және таңдаған жобалау әрекетін
транформациялау және нормаландыру тәсілдеріне де
қатысты болады. Мысалы, оларды ретімен қарастырып
кӛрейік:
− ұйымдастырушының басымдық позициясы
дәстүрлі
мәдениет
түрінде болып, оған қатысушылармен қарым–
қатынас жеке бас тұрғысынан жасалса, онда жобалау әрекеті
формальды түрде орындалады;
− ұйымдастырушының
корпоративтік
-
қолӛнершілікке
негізделген қатаң иерархиялық құрылымы бар мәдениет түрі
жобалаудың үлгісі ретінде ӛміршеңдігі мен нәтижелілігін
дәлелдеген жобаның нормаларын алып, оны дәлме–дәл
сақтауға тырысады;
− ұйымдастырушының
кәсіби мәдениетке
негізделген
түрі жобалау әрекетін нормалауда ізденістік зерттеулердің
мәтіндік жазбалары мен мен теориялық зерделенуіне назар
аударады;
− ұйымдастырушының бүгінгі заман талабына сай
технологиялық
мәдениетке негізделген түрінің басым назары
жобалаудың жаңа технологиялық жолдары мен мәдениетін,
атап
айтқанда,
жобалау
әрекетінің
технологиялық
сызбаларын құрастыру мен беруге аударылады.
Жобалаудағы негізгі идеяны беруді нормаландыру
тәсілдерінің бір–бірінен айырмашылығын салыстыратын
болсақ,
кәсіби мәдениетке
негізделген түрде – мәтін ретінде,
корпоративтік–қолӛнершілікке
негізделген түрде–қатаң үлгі
ретінде, ал
технологиялық
мәдениетке негізделген түрде–
38
негізгі идея экрандық бейнеде немесе кӛрініс түрінде болып
келеді. Бұл-жобалаудың басты белгілерінің бірі, ӛйткені,
жобалау арқылы қайта жаңарту үдеріс берілген үлгіні
қайталауға да, мәтіндік сипатты құрастыруға да ұқсамайтын
үдеріс. Экрандық бейне немесе кӛрініс ретіндегі идеяның
ерекшелігі семиотикалық таңбалау құралдары–схемалар,
сызбалар арқылы әртүрлі тұрғыдағы идеялар мен ойларды
бірыңғай кӛріністерге айналдыру мүмкіндігінде деп
есептеледі.
Сӛйтіп, мәдениет контекстінен, дәлірек айтқанда,
технологиялық
мәдениет
тұрғысынан
қарастырғанда,
жобалауды инновацияларды тасымалдаудың негізгі жолы
деуге болады. Сонымен қатар, оны орындаушылардың ӛзара
коммуникативтік және тұлғалық құзыреттік қарым-
қатынастарының болуы және жобалау барысында міндетті
түрде технологиялық сызбалар мен идеяларды қарастыру
кӛрініс ретінде пайдаланылуы тиіс.
Егер жобаны жүзеге асыру жүйенің белгілі бір бӛлігіне
ӛзгеріс әкелетін болса, бағдарламаларды жүзеге асыру
жүйеге белгілі бір үдерісті, әрекеттерді алып келеді.
Мысалы,
жобалық
бағдарламалар
күрделі,
кешенді
жобаларды
құрастырумен
қатар
оларды
ұйымдастырушылық-технологиялық жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |