51
берудегі негізгі серпінді жоба болып табылады, оның
негізіне алынатын әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер
тәжірибелері
зерделенуде.
«Интеллектуалды
ұлт»
жобасының тағы бір бағыты ретінде ғылымды дамыту мен
еліміздің ғылыми әлеуетін кӛтеру жұмыстары жүзеге
асырылуда. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің ұсынысы
мен оны бітірушілердің біліктілігіне деген жұмыс
берушілердің сұранысы арасындағы тепе-теңдікке қол
жеткізу үшін адами капиталды дамыту жӛніндегі ұлттық
кеңес құру қажеттігі мәселесі қойылуда.
Аталған интеллектуалды ұлт пен білімдар экономиканы
қалыптастыру бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді,
олар: педагогтардың мәртебесін кӛтеру; білім беру
жүйесінің экономикалық тетіктерін жаңғырту; білім беруді
басқаруды жетілдіру.
Н.Назарбаевтың: білім реформасының басты кӛрсеткіші
- біздің еліміздің белгілі бір бағытта білім алған және
біліктілікті меңгерген әрбір азаматының әлемнің кез келген
елінде қажет маман ретінде танылатын деңгейге жетуі –
деген талаптарын білім берудің нәтижелерін анықтауға
тікелей қатысты деп айтуға болады. Сонымен қатар, аталған
жолдауда еліміздің дамуын
Достарыңызбен бөлісу: