176
кӛрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен
қалыптасқан деңгейлердегі
сәйкессіздіктерді анықтауға
болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген
сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері
жинақталады. Сонымен қатар, олардың ӛлшемдері түрліше
болғанымен, нәтижесін есептеудің коэффициенті зерттеу
қорытындыларын жүйелеу үшін ӛзара сәйкестендірілді.
Нәтижелік кӛрсеткіштер тӛмендегі бағалар бойынша
анықталады: Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес
–2 балл, сәйкес емес–1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы:
К = Кф : Км. Аталған нәтижелерді бағалауда тӛмендегі
коэффициенттік кӛрсеткіштер пайдаланылады: ӛте тӛмен –
К < 0,45; тӛмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85;
қажетті – К > 0,85.
Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық-
бағдарлы жобалардан
бұрынғы және одан кейінгі
кӛрсеткіштері тәжірибелік эксперимент барысында
эксперименттік және бақылау топтарында анықталып,
салыстырылады.
Жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру ұжымның
басқа мүшелеріне түрткі болатын
белсенді топтар құруды
қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде
ұйымдастырылып, белгілі бір
жобалау қызметі аяқталғанда
таратылуы тиіс деген тұжырымы дәлелденді. Ол жобаның
тиімділігі оның ӛлшемдері арқылы, педагогикалық ұжымның
белгілі
бір
жетістіктерінің
кӛрсеткіштері
негізінде
дәлелденіп, онын ұйым тәжірибесіне ендіру аяқталған соң,
шығармашылық топ таратылды.
Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық
жүйені
басқару
матрицалық
немесе
иерархиялық–
матрицалық
түрде
ұйымдастырылуы,
кӛптеген
шығармашылық
және
зертханалық
топтар
мен
филиалдардың кӛлденең басқарылуы қажет болды. Сӛйтіп,
аталған түрлі қызметтер уақытша басқару құрылымдары
арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі–басқарудағы
дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар
арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай
үйлестіре отырып, мақсаттық-бағдарлы
іс-әрекеттерді
ұйымдастыруы.
177
Жобалау
технологиясын
жүзеге
асыру
жоба
жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс-
әрекеттері
мен
қажеттіктеріне
ӛзгерістер
ендіреді.
Басқарушылардың арнайы дайындықтан ӛтуі кез келген
деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау
технологиясын пайдалана отырып, мәселелерді анықтауда,
шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына
мүмкіндік береді.
Ӛйткені, олар
енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау,
бағалау
ғана
емес,
педагогтардың
шығармашылық
белсенділіктерін кӛтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету
қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі
басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар
мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау
тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда
болған мәселелерді талдау, шешім қабылдау,
жобалардың
жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.
Бұл ӛзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан тӛмен
қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің
немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды
кӛздейтін жүйеаралық кӛлденең байланыстардың болуына
негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің
негізгі
ерекшелігі–оларды
басқарушы
ғана
талдап,
қорытынды жасамайды,
талдау мен шешім қабылдау
ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады.
Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін
кӛтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық
іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың
іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында
орындалып, олар ӛз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі
қызмет
атқаруға,
ортақ
мүддені
іске
асыруға
қызығушылықтарын арттыратыны сӛзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: