Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
кітап 2

(бос байланысты, 
немесе жарғақ су) 
бұл бөлімін өсімдік өзінің тамырлары 
арқылы сорып ала алады, бірақ өте қиыншылықпен, баяу 
алады. Топырақтың ылғалдығы осындай болған жағдайларда 
өсімдік тамырларының сорып ала алған судан, оның 
жапырақтары мен сабақтары арқылы булануға кететін судың 
мөлшері артық болады. Осының н
әти
жесінде өсімдік өзінің 
серпімділігін (
әд
етте тургор деп атайды) жоғалтып, сола 
бастайды. Топырақтың өсімдіктер сола бастаған кездегі 
дымқылдығын 
өсімдіктердің солу дымқылдығы 
деп атайды. 
Топырақ бұдан да күшті құрғап, оның байланысқан 
суының сыртқы қабаты таусылғаннан кейін топырақ 
бөлшектерін қаптаған өте жұқа жарғақ су ғана қалады. Бұл 
тығыз, топырақпен берік байланысқан гигроскопиялық ж
ә
не 
өте гигроскопиялық су. Бұл суды топырақтың тартып ұстап 
тұрған күші өсімдік тамырларының сору күшінен басым, 
сондықтан өсімдіктер оны ала алмайды. Бұл өсімдіктерге 
пайдасыз су.
 
Топырақта осындай су ғана болса, өсімдік өліп 
қалады [45]. Топырақта өте ұсақ (коллоидтық) бөлшектер 


95 
неғұрлым көп болса, ол суды соғұрлым берік ұстап тұрады, 
өсімдіктерге пайдасыз су соғұрлым көп болады. Саз 
топырақтар суды көп ұстай алғанмен, кұм топырақтарға 
қарағанда, онда өсімдіктерге пайдасыз судың да көп екендігін 
есте ұстау керек. 
Түрлі топырақтардағы су мөлшері.
 
Түрлі топырақтарда, 
түрлі уақытта судың мөлшері бірдей болмайды. Бұл 
жергілікті климатқа, жыл маусымына, ауа райына, 
топырақтың қасиеттеріне, ондағы өсіп тұрған өсімдіктерге 
байланысты. 
Құрғақшылық кезінде топырақта су аз болады, ол тек 
ұсақ кеуектерді ғана толтырып тұрады. Су көп болатын басқа 
жағдайларда ол ірі кеуектерді де толтырып тұрады. Сонымен 
бірге су қарашірік, саз сияқты заттарды да қанықтырады, бұл 
заттар судың 
әсер
інен ісініп кетеді. Қарашірік пен 
өсімдіктердің жартылай шіріген қалдықтары суды өте көп 
сіңіреді. Осындай заттар ж
ән
е саз бөлшектері көп 
топырақтың ылғал сыйымдылығы жоғары болады. Топырақта 
су аз болып, тез құрғап қала беретін болса, өсімдік ондай 
топырақта өсе алмайды. Бірақ судың өте көп болғаны да 
дұрыс емес, мұндай топырақта ауа жетпегендіктен, өсімдік 
өліп қалады. Өсімдіктердің көбі үшін топырақтың 
дымқылдығы орташа болғаны, суға толған кеуектермен 
(барлық қуыстардың төрттен үш бөлігі шамасында) бірге ауа 
толған кеуектердің де болғаны қолайлы. 
Жерасты (ыза) суы.
 
Егер топырақта су көп болса, ол 
төмен қарай жерге сіңетінін айтып өткенбіз. Топырақ ж
ән
е 
аналық жыныс қабаттарынан өткен су белгілі бір тереңдікте 
су өткізбейтін қабатты (ауыр саз, немесе тас жынысы) 
кездестіреді, осы қабаттың үстінде жинала бастайды не ылди 
жаққа қарай ағады. Бұл құдықтарға, көлдерге, өзендерге 
келетін, ал жер бетіне жақын жатқан жағдайларда 
құрғақшылық кезінде өсімдіктерді сумен қамтамасыз ететін 
ыза суы. Егер жерасты суы топырақ бетіне жақын болса (1м 
ж
ән
е одан да жақындау) ол топырақты батпаққа 
айналдырады. 


96 
Топырақтың су көтергіштік қабілеті. Топырақтағы 
судың тек жоғарыдан төмен қарай ғана емес, жан-жағына 
ж
ән
е төменнен жоғары қарай да қозғала алатындығы анық. 
Су топырақ бөлшектерінің арасындағы өте ұсақ кеуектер 
арқылы көтеріледі.
Топырақтың жер астындағы суды сорып алу ж
ән
е 
көтеру, қылтүтіктер арқылы бір қабаттан екінші қабатқа ж
ән
е 
жан-жаққа өткізу қабілетінің өсімдіктер өмірі үшін өте үлкен 
маңызы бар. Топырақтың бұл қабілеті болмаса - ондағы 
судың көбі пайдасыз ағып кетер еді, ал өсімдіктер үшін, 
әсір
есе құрғақшылық аймақтарда, судың қандай бағалы 
екендігі белгілі. Топырақтың беткі қабаттары ешқандай ылғал 
ала алмайтын құрғақшылық кезде өсімдіктер тек қылтүтікгер 
арқылы келетін сулармен өмір сүреді. 
Судың көтерілуі ж
ә
не қылтүтіктерге тартылуы тек 
жерасты суының деңгейіне (шарасына) не ыза суға ғана 
байланысты емес, ол мұндай сулар жоқ кезінде де болуы 
мүмкін екендігін білгеннің маңызы зор. Қылтүтік суы суға 
қаныққан қабаттардан (горизонттардан) құрғақ қабаттарға 
қарай да жылжиды. Бұл жағдайларда суға толған ірі кеуектер 
топырақтың жіңішке түтіктеріне су жеткізіп тұратын су көзі 
қызметін атқарады.
Сөйтіп, топырақтың қылтүтіктер арқылы су көтеру 
қабілеті өсімдіктерге ылғалды жақсы ж
ән
е толығырақ 
пайдалануға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет