Бағдарламасы негізінде құрастырылды



Pdf көрінісі
бет4/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
ktj 20486

Рецензент
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кафедра мәжілісінде қаралды. №__ хаттама, «__» _________ 201__ ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Туребаева К.Ж. 
Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланды.
№ __ хаттама, «___» _______ 201__ ж.
Әдістемелік кеңес төрағасы ___________Ертлеуова Б.Б. 
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
№ ___ хаттама, «___» _______ 201__ ж.


ТҮСІНІК ХАТ 
Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік 
қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін 
игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр. 
Осы тұрғыда ұсынылып отырған бағдарламаның орны мен маңызы Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік 
бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін 
Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи 
мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. Бағдарламаның жетекші мақсаты 
әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік 
құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; 
екіншіден (бұл да маңызды аспект) – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне 
сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, 
өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға 
үйретуді қамтиды.
«21 ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы» курсының мақсаты – әрбір ел үшін маңызды 
болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды 
өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден бітіруші түлектердің әлем 
өзгерісінің
 
динамикалық жағдайында үздіксіз кәсіби дамуына дайын болуына ықпал ету. 
«21 ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы» курсының міндеттері:

болашақ мұғалімдердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы 
білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру; 

қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында 
үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу;

әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі 
инновациялық үдерістерге қолдау көрсету;

болашақ мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі 
реттеу дағдыларын қалыптастыруға;

түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір 
сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді 
азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін 
ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен 
қамтамасыз етуге жағдай жасау. 
«21 ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуы» курсы оқу жоспарындағы «Педагогика», 
«Педагогика мамандығына кіріспе», «Аға тәрбиешінің жұмысы», «Мектепке дейінгі білім 
беруді ұйымдастыру және басқару», т.б. пәндермен тығыз байланысты.
Дублиндік дескриптор 

А) Оқу және оқыту процесін жетілдіруде мұғалімнің көшбасшысылық сапасын дамыту 
принциптері мен мектептің көшбасшылық қазіргі кезендегі концепциясын білуі керек;
В) Қазіргі әлемде оқушылардың белсенді және жетістікке әрекет етуге дайындығын 
қалыптастыра алуы керек;
С) Оқыту мен тәрбиелеу мәселелерінде белсенді азаматты, ақпараттық технологиялар 
сферасында құзыретті, конструктивті диалогқа қабілетті болашақ маманды тәрбиелеуге 
дайын болу;
D) Оқушылардың жеке тұлағалық дамуын, өзін-өзі реттеуін және өз бетінше оқу 
нышандарын тәрбиелеуге ықпал ететін оқу үдерісін ұйымдастырудағы дағдыларын 
меңгеруі керек;
Е) Кәсіби-педагогикалық және жеке тұлғалық мәселелерді кездейсоқ жағдайларда сауатты 
шеше білуі және рефлексияны жүзеге асыра алуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет