ТҮСІНІК ХАТ Пәннің қысқаша сипаттамасы Болашақ мұғалімдерге кәсіби білім беруге
бағытталған осы бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және
оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық
білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді.
Бағдарламаны іске асырудың тақырыптық мазмұны ЮНЕСКО және Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарының негізгі қағидаттарымен үйлеседі,
сондай-ақ олар бағдарламаның жеті модулі мәнмәтінінде мектеп тәжірибесінде табысты
қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады:
- оқыту
мен оқудағы
жаңа тәсілдер;
- сын тұрғысынан ойлауға
үйрету;
- оқу үшін бағалау
және оқуды бағалау;
- оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану;
- талантты
және дарынды
балаларды
оқыту;
- оқушылардың
жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және оқу;
- оқытуды
басқару
және көшбасшылық.