оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген.
Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау
қалыптастырушы немесе
оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды
ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания
академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999
жылы
«Оқу үшін бағалау» (ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде
Оқу үшін бағалау ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу
үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау