үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін
әртістік қасиеттерін
пайдаланды. Соңында олар жыл- дам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі
сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа
созылатынын көрсеткен дарынды
және талантты балалар
екендігі анықталды.
2)
екінші
жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға
дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты
оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер
бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табысы
мен қызығушылығы төмен
болғандығын, бірақ сонымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті
және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік
мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге
қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының
дербестігін арттырды.
3)
үшінші
жобада мұғалімдер дарынды және талантты
балаларды айқындауға ата-
аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің
көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын
түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп,
ата-аналардың
қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл
сауалнама олардың балаларының мінез-құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және
мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды»
етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың
келесі кезеңіне өтуге шешім
қабылдауға көмектеседі. Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және
талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды
(Koshy et al, 2006).
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше,
анағұрлым
«күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: