түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін
пайдалануға
болады.
Түрткі болу : түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының
жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен
материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу : сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық
жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп
құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар
тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.