төмен дәрежелі және
жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды
«жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған
және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар.
Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен
қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді
педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың
түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім
алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға
қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың