Бағдарламасы негізінде құрастырылды



Pdf көрінісі
бет45/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125
Байланысты:
ktj 20486

Дәріс тезистері 
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп 
жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау 
көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, 
әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу 
мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің 
нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл 
қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс 
оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану 
нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. 
Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына 
негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды 
мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда 
келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. 
Олар: 
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; 
• оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне 
көмектеседі; 
• оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі; 
• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет