Дәріс тезистері Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе
тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу
нәтижелерінің бес түрін
анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып
табылады (негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі –
оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды
анықтай алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Мельникова Е.Л. Проблемный урок или Как открывать знания с учениками: Пособие
для учителя. – М.: аПКиПРО, 2006
2.Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. – Қарағанды: Жолдак
Е.В. ЖК, 2011
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015
4. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015
5. Имжарова З.У., Ахметова А. У., Имжарова Ж. Н. Сын тұрғысынан ойлау-білім алу
үрдісінде. Оқу-әдістемелік құрал / - -Ақтөбе, 2010. - 104 б.
6.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015
7. Әбілқасымова К. Қазіргі заманғы сабақ. –А., 2004. - 218 б.