Бағдарламасы негізінде құрастырылды


№2 Мінсіз мұғалім және мінсіз оқушылардың жеке ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет39/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125
Байланысты:
ktj 20486

№2 Мінсіз мұғалім және мінсіз оқушылардың жеке ерекшеліктері 
Аннотация:
Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және 
көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын 
критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру.
Кілт сөздер
: сапалы оқыту, педагогикалық іс-әрекет, мұғалім моделі
 
Жоспары 
1.Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдары 
2.Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдары 
 
Дәріс тезистері 
Белгілі ғалым В.А.Сластенин мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби 
даярлығын бірқатар қасиеттермен және сипаттамалармен анықтайды. Оның ішінде: 
психологиялық даярлық-бұл мектептегі жұмысты мақсат еткен педагогикалық іс-әрекетке 
әртүрлі деңгейде қалыптасқан мұғалімнің бағыттылығы; ғылыми – педагогикалық іс-
әрекетке қажетті көлемдегі қоғамдық-саяси, психологиялық, педагогикалық және арнайы 
білімдері; тәжірибелік даярлық - бұл талап етілген деңгейдегі мұғалімнің 
қалыптастырылған 
кәсіби-педагогикалық 
ептіліктері 
мен 
дағдылары; 
психофизиологиялық 
даярлық-белгілі 
педагогикалық 
іс-әрекет 
үшін 
сәйкес 
алғышарттардың болуы, кәсіби құнды жеке тұлғалық сананың қалыптасқандығы. 
В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім моделі мыналарды қамтиды: 
қоғамдық-саяси сапаларды, әлеуметтік психологиялық, этикалық-педагогикалық 
және ұстаздың жеке басының сапалары; психологиялық және педагогикалық даярлық, пән 
бойынша даярлық. Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан 
туындайды. 
Жаңа технологияларды, әдістерді оқыту формаларын қолдану тек ғана нәтиженің 
құндылығын көтеру ғана емес, сонымен бірге білім берушілік іс-әрекет процесінде 
көтеруге мүмкіндік береді. Ол үшін қазіргі технологиялық құралдарды қолдануда ең 
алдымен мұғалім кәсіби компетенттілігін көтеруі қажет. Ол компетенцияның дамуына 
бағдарланған дараландырылған оқыту бағдарламасын басқара білуі тиіс. Егер білімгердің 
жоғары дәрежеде компетенциясы дамысын десе, онда оларды білімгер үшін неғұрлым 


қызықты іс-әрекеттерді жүзеге асыру процесінде қолдануын қамтамасыз етуі қажет. 
Сондықтан педагог өз білімгерінің бейімділігін, қызығушылығы мен компетенциясын 
айқындай білуі қажет және олардың тәжірибе жинақтау процесіндегі өзгерістерін байқап 
отыруы тиіс. 
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: 
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және 
маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ 
болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе 
алады. 
Екіншіден, мұғалім педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер 
пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың 
өмірдің әр саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Әр 
мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Жеке ойлау 
қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады. Көп болу үшін көп ойлау, оқу керек. 
«Интернет» жүйесін білу. 
Үшіншіден, білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті 
туралы.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі 
нәтижеге қол жеткізе алмайды . 
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық , құрылымдық, бейімділік, сараптамалық 
қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, 
қүбылыстарды талдай білуі шарт. 
Бесіншіден мұғалімнің адамгершілік ,саяси - идеялық ұстанымы жұмысында көрініс 
тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт . 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 
1.Әлімов А.К. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. -Астана, 2014 
2.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі 
бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу 
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы. -
Астана, 2015 
3. Тренерге арналған Нұсқаулық. - Астана, 2015 
4.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. З.У.Имжарованың редакциялауымен. –Ақтөбе, 
2009 
5.Студентке арналған нұсқаулық. -Астана, 2015 
6. Әбілқасымова К. Қазіргі заманғы сабақ. –А., 2004. - 218 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет