Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) Үш білім саласының
қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және
Кёлер қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал
ете алатын болса, онда
жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек . Оның үстіне,
Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара
байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.
Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс
істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар, технологиялық сарапшылармен немесе жаңа
технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен
салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда асқан ептілік танытады.
Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
• Теледидар бағдарламалары;
• Сандық теледидар;
• Интернет/ WWW;
• Ұялы телефон;
• Ұтқыр қондырғылар;
• Компьютер/ноутбук.