егіліп, жыламсырағандай мұңлы бір кейіппен мөлиіп, былқ етпеді. Күндіз
-
түні қайда барса да,
қайтып соғар қазығы қаша болды. Белгісіз күш соның маңына тартты да тұрды. Үміт күтіп,
айналшықтай берді.
Міне, қара сиырдың бүгінгі үміті тағы да құм болды. Көңілсіз ілбіп, су ішетін жайпақка
жақындай бергенде, кенет мұрнына қызыл бұзауының иісі келді. Қайда ұмтыларын білмей, бар
шерлі даусымен өкіріп
-
өкіріп жіберді. Басын шайқап
-
шайқап, мұрнын көкке көтеріп, жан
-
жағынан
иіс күтті. Алдан, өзен жақтан соққан баяу жел әкеліп жатыр екен сүйікті иісті. Солай қарай
еңкілдеп жүгіре жөнелді.
Сол бетімен жағаға келсе, ар жақта бұзауы мөңіреп жүр. Ай
-
шайға қарамай, суға қойды да
кетті. Бірақ арғы жағаға шыға алмады. Екпінімен ықтырып әкеткен су
Аралтөбенің алдындағы
қайырға әкеп тықты. Жағаға жақын қалғанда құмға тізесінен кіріп, тұрды да қалды. Қимылдаған
сайын майда қиыршық, оппа құм осылып, сіңіре берді. Қара сиырдың мұнымен түк ісі болмады.
Арғы жағадан су кешіп келген бұзауын жалап, мауқын басты. Анау
-
мынау жеңіл салмақты қайыр
құм көтере береді екен. Бұзауы түк те қайырлаған жоқ
.
Қалың
қорысқа кіріп адасып кеткен бұзауымен екі жылға татитын екі күнгі азаптан кейін
осылай табысты қара сиыр.
Келгенбай қайырлап қалған қара сиырды көре сап, ауылға шапты. Былтыр да осы жерге бір
сиыр батып кете жаздап еді. Тез тартып шығармаса, қауіп.
Жігіттер қамыттаулы екі ат алып, қашығырақтағы көпірді айналып келмек болып, тұра шауып
кеткенде, ауылдың
қалған жаны Аралтөбе үстіне жиналып еді.
-
Ойпырмай, не болар екен?
-
Әлгілер
ерте жетсе, тәуір болар еді
-
ау!
,
-
Шіркін, ана
-
ай! Баласы үшін отқа да, суға да
түседі
-
ау! —
десіп шулап тұр бәрі.
Қара
сиыр артына бұрылып, жәутеңдеп осы топқа қарап
-
қарап қояды.
Ар жақтан жігіттер де жақындап қалған. Қара сиыр олардың көмек екенін сезді, көңілі орнына
түсіп, қызыл бұзауын мейірлене жалай бастады. Емшегінен сүт саулай жөнелді.
Достарыңызбен бөлісу: