Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет115/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

АБДОЛЛА АТАЙ
 
 

Мұрат, Абдолла атай сендердің көшелеріңде тұрады ғой.

Иә.

Оңда біздің жиынға сол кісіні шақырайық деп отырмыз. Мына қағазды атайға сен апарып бер.

А
-
атай...
Аузыма осыдан басқа сөз түспей, қағазды Алмагүл апайдың қолынан аң
-
таң болып ала бердім 
де, көз жүгірттім.
«Құрметті Абдолла атай! Сенбі күні сағат 17
-
де мектебімізде өткізілетін жиын

 
 
-180- 


ның құрметті қонағы болыңыз. Өзіңізге бір тілегіміз де бар. Өз өміріңізден балаларға әсерлі 
тәрбиелік мәні бар әңгіме
айтып берсеңіз дейміз. Соған дайындалып келсеңіз.
Мектеп дирекциясы».
Мәс
-
саған! Абдолла атайды мұндай екен деп кім ойлаған?! Ақ қырау шалған қалың қасы 
түксиген сұсты, кесек тұлғалы қарт көптің бірі болатын. Қашан көрсең үйінің маңында бір тынбай 
қыбырлап шаруа істеп жүреді. Ауласы,
үй іргесіндегі бағы жайқалып тұрады. Бірақ еш бала 
атайдың бағына қарай аяғын қия басып көрген емес. Атайдың белгісіз бір қаһары бартын. Тегін 
адам емес екен ғой бұл атай.
Міне, енді Абдолла атай құдды сабақ білмейтін бала құсап абдырап оқушылардың алдында 
тұр.

Апырай, не айтсам екен, ә? Бұл бір қызық болды
-
ау өзі. Қалай бастаймын енді? Әңгіме көп, 
қайсыбірін айтам? Қап!..
Атай өстіп қысылып
-
қымтырылып, демнің арасында терлеп
-
тепшіп қоя берді. Алмагүл апай 
басу айтты:

Атай, асықпаңыз, бәрін айтыңыз. Үлкеңдердің өмірі —
балаларға үлгі.

Жөн, қарағым. Мейлі, енді айтып көрейін. 
Абдолла атай енді осылай сәл
-
пәл аял қылып алып,әңгімесін жайымен бастап кетті.
Сондағы Абдолла атай айтқан әңгіме мынау еді.
...Ақ патшаның он алтыншы жылғы маусым жарлығы Қарабақыр аулына келіп жеткенде, 
Абдолла 18 жасар жігіт болатын. «Ақ шаңырақ адам бермейді, қара шаңырақ қағыс қалмайсың». 
Жергілікті әкімдер мен биболыстар үкімі —
осы. Әкесі де, өзі де жалшы Абдолла тізімге 
алдыңғылардың бірі болып іліккен. Балаң жігіт тағдырына мойынсұнған. Бірақ
Тілеулі шешесі 
жоқ жетім екі ұлының үлкенін өлімге тірідей байлап бергісі келмеді. Бір түнде Абдолла мен 
Әбдірахманды аталарынан қалған жалғыз тұяқ —
ақ інгенге мінгестіріп алып жолға шықты.
Содан бір айдай мерзім өткенде туған жерлері —
Талас бойын тастап, таса іздеп шыққан 
Тілеулі Верный қаласының төменгі жағындағы
Есентай сайында отырған ауылдың бір шетіне 
келіп күрке тікті.
 
-181- 


Бұл жақта да ел
дүрлігулі еді. Өтеген би шарқ ұрып қара халықтың баласын шетінен матап 
жөнелтіп жатқан.
Абдоллаға да тықыр таянған. Ауыл адамдарынан: «Орысқа
жалға тұрғанды әскерге алмайды 
екен», 

дегенді естіп Абдолла Қарасу бекетіне тартқан. Покровский деген орыс байының күш
-
көліктеріне —
өгіздері мен аттарына бақташы болды. Үйіне түнделетіп келіп тұрады.
Бір келгенінде әкесі көкірегі қарс айрылып отырып:

Балам, келме. Бағана
Өтеген би шақыртып алып: «Сен балаңды алып қашып
жүрген қу 
екенсің. Үш күн мұрсат берем. Сол мерзім ішінде балаңды өз қолыңмен жетектеп әкеліп маған 
тапсырасың. Өйтпейді екенсің, жер
бастырып жүргізбеймін», —
деп қатты тепсінді. —
Сақ бол,
балам, —
деп тез қайтарып жіберді.
Ертеңіне Абдолла мәре
-
сәре күй кешті. Сорлы әке, жетім бауыр не күйде? Өтеген би нағыз 
қатыгездің өзі. Айтқанын істейді ол. Өйтпейді екен, кешпейді. Не істеу керек?

Абдолланың бүл халін сала құлаш сары мұртты жалшы жігіт Иван ұққан
рай байқатты. Бірер 
рет Покровский жоқ жерден сылтау іздеп, Абдолланы қырына алмақ болғанда, Иванның ара 
түскені бартын. Содан бері Абдолла ептеп қазақша білетін осы бір әділетті адамды іш тартатын.
Түскі үзіліс кезінде Иван жөн сұрады.

Абдолла, менікі
біледі. Сен түнде үйге барған. Жаман сөз естіген. Давай, сен маған айт. Что 
стряслось?
Абдолла болған жайды айтты.

Ай, шайтан Утеген би —
жаман адам. Казахский бай,
би, орыстики купец —
барибир. Один 
черт. Их надо бить. Сени бугин Утеген издейди, ертен
Покровский береди байлап властка. Давай, 
сен тунде Есентай сайга бар. Там Тоқаш Бокин халыкты жинап жатқан. Соған қосылса, битти. 
Бяринен құтылды. Токаш —
кедейдики дос. Бар
соган, Абдолла.

Барам, Иван.

Надо будет и я пойду в народное ополчение. 
Кешке Абдолла Покровскийдің барлық күш
-
көлігін
бір сайға әкеліп матап
-
тұсап тастап 
Есентай сайына тартып отырды.
Жасырын бас қосып жатқан топқа, оның басшысы Тоқаш Бокинге жолықты. Бар шынын 
айтты.
-182- 



Жақсы, жігітім. Онша ынжық емес екенсің. Әулие
-
аталық жалшы жігітке отрядта орын бар, 

деп Тоқаш Абдолланы арқаға қақты, тізімге жазды. Ендігі әңгіме
ертең Мүттәйім бағында 
болады. Осы отырған барлығымыз ертең кешке Верныйдың төменгі жағындағы сол бақта бас 
қосамыз. Енді еш нәрсеге қайрылмастай болып
кел.

Келем.
Абдолла ертеңіне Иванды көргенше асықты. 
Иван мұның әңгімесін естісімен қатты қуанды.

Вот кордин. Утегены да Покровские еще будут ползать перед нами. Давай
кешке шуруй в 
отряд! —
деп Абдолланың қолын қысып
-
қысып қойды. —
Мы еще встретимся с тобой.
Кешке қарай Абдолла тағы да әкесі мен інісіне тартты. Бір көріп кетпек.
Абдолла атын қатты бастырып келген. Әр тықырға елеңдеп отыратын әке алдан шықпады. 
Абдолланың жүрегі бір сұмдықты сезгендей зулап қоя берді. Тастай қараңғы күркеге жасқана енді. 
Табалдырықтан аттай берген бойда бір нәрсені былқ дегізіп басып кетті. Сүрініп, тізерлеп қалды. 
Сипалап еді, адам денесі екен. Әке денесі! Қанға боялып, өліп
жатыр. Әкесін өкіре құшақтап, жата 
кетті «Әбдірахман қайда?» Абдолла енді жанұшыра інісін іздей бастады.

Әбдірахман! Бармысың, бауырым, бір тіл қатшы!

А
-
а, аға.
Әбдірахман
ақ інгеннің шомының астына кіріп кетіп, жан сауғалапты.

А
-
аға, қазір аналар келеді. Сені де өлтіреді, —
дейді иегі кемсеңдеп.
Абдолла өлі әкесін өңгеріп, інісін мінгестіріп түн құшағына
кіріп жөней берді.
Абдолла межелі жерге мерзімді уақытында жете алмады. Әкесін жерлеп, інісін Верныйға 
әкеліп Нығметулла деген татарға қол бала қылып берген соң барып қосылды отрядқа. Кекті жігіт 
Абдолла отрядтың сайыпқыран сарбазы болды. Неше рет қалаға, заимкаларға басып кіріп, алға 
қойған мақсатты орындап жүрді. Өстіп жүргенде Өтеген биден кек алсам
-
ау деген бір ой 
көкейінен кетпейтін. Бірде осы ойын Тоқашқа айтқан.

Біз жеке адамның
кегі үшін емес, халық мүддесі үшін
күресіп жүрміз.
Біздің әрқайсымыз 
өшіккен адам



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет