АЛТЫННЫҢ ӘЛЕГІ
Ертеде бір кедей неше жыл жалшылықта жүріп тапқан
-
таянғанын тірнектеп жинап, ауқатты
ауылдасынан ауданы азғантай ғана жер сатып алады. Көктем шыға ол әлгі ауылдасының қосына
шығып, ақысына соның өгізімен өз жерін де жыртып алуға келісіпті.
Сөйтіп кедей ауылдасының жерін аударып болып, өзінікіне келіп түседі. Алғашқы
айналымның аяғына шыға бергенде
-
ақ, түрен жүзі
қатты бір нәрсеге тіреліп
тұрып қалады. Шаруа:
«Тас
шығар», —
деп алып тастамақ болып еңкейе береді. Сөйтсе, түрен ат басындай алтынға
тірелген екен. Кедей шошып кетеді. Өзіне
-
өзі күбірлеп: «Мен жерді ғана сатып алдым. Ал алтын
—
жердің иесінікі», —
дейді де алтынды ауылдасының үйіне алып келеді.
-
Мен ол жерді өмір
бойы өңдеп келдім. Сонда бұл алтынның барын да, жоғын да білген
емеспін. Қазір жер де, алтын да сенікі, —
деп ауылдасы алтынды алмайды.
-
Жоқ. Менің еңбегім сіңбеген нәрсе менікі емес, —
деп кедей алтынды тастап қайтуға
ыңғайланады.
-
Мұныңыз болмайды, көрші. Мен де ақысыз ешкіммен ала жіп алмасып көрген адам емеспін.
Өзімнің ақ адал малым да жетеді. Алтыныңызды алып кетіңіз, —
деп ауылдасы ат
-
тонын ала
қашады
.
-
Енді қайттім? Қайда бармақпын? —
деп кедей дал болады.
Ауылдасы кедейді аяп кетеді де:
-
Онда мұны ханға
апарып, төрелігін сұрайық. Хан кімге бұйырса, сол алсын, —
дейді.
Екеуі хан сарайына
келіп, толып жатқан жасауылдарға жалынып
-
жалпайып жүріп ішке әзер
кіреді.
Хан тағында уәзірлерімен кеңес құрып отыр екен.
-
Дат, тақсыр, —
дейді есіктен ене бере екеуі де басын жерге жеткізе иіліп.
-
Даттарың болса, айт, —
дейді хан.
Екеуі сандықтың аузын ашып жіберіп, болған жайды жарыса айтып шығады. Хан тыңдап
болып, бас уәзіріне:
-
Мына екеуіне екі ділдә бергіз дағы, алтынды қазынаға апарып салғыз, —
деп әмір етіпті.
Кедей мен ауылдасы:
Достарыңызбен бөлісу: