Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет119/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-186- 


Ахмет маған осылай ақыл айтып жатты. Мен басымды изеп, көне бердім. Міне, бір тыртық.

Әй, Ахмет адамның алтыны еді ғой. Он екі жасар баладан қайбір жалшы шықсын. Ахмет бір 
өзі екі адамның жұмысын істейтін. Тұла бойы толған күш
-
қайрат, бәкене талпақ жігіт еді.
Маған 
туған әкемнен артық жақсылығы өткен абзал жан болатын ол. Неше рет Тихонның кәрінен, әлім 
келмес жұмыс азабынан аман қалып қалған
еді.
...Сарыбұлақ дейтін жерден шанамен бауланған бидай әкелуге бардық. Екеуіміздің 
қарамағымызда он жалғыз
аттық шана бар. Ең біріншісі Ахмет, соңғысы мен. Ортадағы аттар 
өздері жүріп отырады. Осы сапарда мен Ахметтің адамгершілігі мол, нағыз күш иесі екенін көрдім.
Деревнядан таң қараңғысында шығып, суыт жүріп, Сарыбұлақтағы маяға күн шыға жеттік. 
Қыстың қысқа күніңде таң атса, күн батпай ма? Ахмет шаналарды бірінен соң
бірін тией бастады. 
Мен шана үстінде тұрмын. Бауларды жаймалаған боламын. Ахмет жерде тұрып
-
ақ бауды қалаған 
жеріне қойды. Түс кезіңде он шана түгел тиеліп бітті. Жолға шықтық.
Балалық, яки жазым, жолда 
ылдида сырғып кетіп, шананың оқтығына түсіп қалдым. Қарагер теппейді. Оқтық пен
шана 
арасында кептелдім де калдым. Қарды сүріп келемін. Бір кезде аунап кетіп, калың қардың астында 
қала бердім. Тырбанып едім, шыға алмадым. Өлді деген осы екен.
Бір уақыттар болғанда Ахмет артына қарапты. Менің шана үстінде жоқ екенімді байқап, іздеп 
зорға тауыпты.

Әй, балақан
-
ай,
шананың үстінде жөндеп отырсаң етті.
Бар айтқаны осы. Бірақ мен жерге кіріп кете жаздадым.
Осы бауды масақтап, астық ұшыратын веялкаға салдық. Ал ол веялканы қолмен бұрап 
жүргіземіз. Бұған да
менің шамам жетпейді. Сонда да тырбанамын.
Тихон келіп қалды. Жасы қырықтар шамасындағы, беті былшиған, жуан сары адам. Не болса 
соған ашуланады. Ахметке батпайды. Мені қит етсем, сойып салады. Таз ашуын тырнадан 
аладының кебі онысы. Бұл жолы да таяққа жығылдым. Тағы бір тыртық түсті шекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет