тан кетпейтін болыпты. Қыбыр еткенді аңдиды екен. Сөйтіп, екі ауылдың адамдары өзеннен су
алуға да емін
-
еркін бара алмайтын дәрежеге жетіпті.
Бір күні сол жақтағы ауылдың байы ұрыларын
түгел жинап алып:
-
Барыңдар, өліндер
-
тіріліңдер,
арғы ауылдың жылқысын
бірін қалдырмай
бері
айдап
өткізіндер
!
—
деп бұйырыпты.
-
Неге? —
депті ұры басы.
-
Ана мес қарынның кәрі қарагер айғырының даусы жаман, барқырап жер жарады.
Содан
қорқып бүкіл қысырағым қысыр қалды. Бар жылқысын айдап келіңдер!
Байдың жарлығы орындалады. Сол түні оң жақтағы ауылдың жылқысы тайлы
-
таяғына дейін
айдатылып алынады.
Енді оң жақтағы бай қарап жатсын ба. Бай бүкіл ауылды жиып кеңес құрыпты. Малын
алдырған
ауыл адамдары ашулы, қатты дүрлігіпті. «Бізді басынған екен, шабамыз», —
депті
сайыпқыран жігіттер. «Ақылға келейік», —
депті ақсақалдар.
Осындай сан
-
саққа алып ұшқан
ойдың тоқтамы жуық арада бола қоймапты.
Қызба жігіттер жағы белең алып, екі ауыл арасы
бүлінбек болыпты.
-
Уа,
жарандар, шаршамаңыздар.
Бұл таластарыңыздың шешімін маған беріңіздер!
Жиналған жұрт дауыс шыққан жаққа жалт
-
жалт қараса, жарбиып тазша бала тұр. Бәрі сенерін
де, сенбесін де білмей, тына қалыпты.
-
Ия, мұны
айтып тұрған мен, —
депті тазша бала
.
—
Маған мол қылып оғымен мылтық, ертең
осы уақытқа дейін уақыт беріңдер.
Желігіп тұрған жігіттер күлкіні қойып кеп жіберіпті.
-
Өй, мынау не деп тұр?
-
Түрін қараңдар! Бұл жалғыз мылтықпен түгел бір ауылды қырмақ!
Осы сәт көпті көрген көнекөз қария:
-
«Асыл —
тастан, ақыл —
жастан» деген, жігіттер.
Баланың айтқанын орындаңдар, —
депті.
-
Жә, ақсақал дұрыс айтады.
-
Біз ағайынды шаппаймыз, —
деп шу ете қалыпты егде жігіттер.
Достарыңызбен бөлісу: