теректің бір бұтағынан соң бір бұтағына соғылып, қаңғалақтап
келе жатты.
Өстіп өкпесі өшіп, әл
-
дәрмені құрыған шақта бір жуан бұтақ түбіне құрылған өрмекші торына ілініп қалды.
Өрмекші
ұясынан шыға
салып, зулаған бойы Дәнекті әй
-
шайға қарамай матады да тастады. Сөйтіп, Дәнек
торға шырмалған күйі жаз бойы тұрды. Күзгі жаңбыр өрмекші торын оған маталған шыбын
-
шіркей, қиқым
-
сиқымымен бірге бәйтерекке жапсырып тастады. Сөйтті де, жер
-
дүниені қар басып
қалды.
Дәнек бәйтеректің жарығына кіріп кеткен. Қыстай жылы жерде ұйқыға басты.
-
Көктем келді. Бәйтерек оқтын
-
оқтын сілкініп, шуылдайтын болды. Күн
құрғатпай нөсер
құйып, бәйтеректің өн
бойымен саулап су ағады. Бәйтерек жаңбырға шомылған
сайын жіпсіп,
рақатқа батып, тазара бастады.
Дәнекті де су әлденеше рет жуып өтті. Өз
-
өзінен желік пайда
болып, қыбырлай бастады. Жерге түскісі келді. Төменге қарап еді, басы айналды. Жер алыс, лай
-
батпақ екен. Денесі түршікті, Дәнек:
-
Жерге түссем,
ана батпаққа батып кетіп, тұншығып өлемін
-
ау, —
деп қуысқа бұға
түсті.
Кешке қарай күшті дауыл тұрып, Бәйтерек қатты сілкінді. Дәнекте ес қалмады.
Дауыл бір
саябырсығанда, ол:
-
Атай, мені аяй гөр! Көп қозғалмаңызшы. Менің сізге еш зияным жоқ қой. Осы кішкентай
қуысыңызда жата берейінші, —
деп безек қақты.
-
Әй, сен кім едің? —
деп гүр етті Бәйтерек.
-
Мен —
Қызғалдақтың Дәнегімін.
-
Онда несіне қалтырайсың? Секір жерге! Кір қойнына! Жер —
бәріміздің анамыз. Ол сені де
өндіреді, өсіреді.
Жайқалып тұр содан соң, көздің жауын алып.
-
Өспеймін. Жатам өстіп. Қозғалсам, жел былтырғыдай
іліп әкетіп, тау
-
тасқа соғып, басымды
айналдырады.
-
Қой, сен тіл ал! Ондай
-
ондай болмаса,
өмірдің қызығы
қайсы? Жер қазір жүмсақ. Қойнына
кіресің де кетесің. Жер демі ыстық, қыстайғы денеңді алған суықтан әп
-
сәтте арыласың. Балқып,
өніп жүріп бересің. Көктеп өсесің.
Достарыңызбен бөлісу: