Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет131/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-200- 



Көктемеймін, Қызғалдақтың өмірі қысқа екен. Кішкентай ғұмыр үшін әуреге түскенше жата 
берем өстіп.

Сендер —
қызғалдақсыңдар, біз —
терекпіз, мына кең дүниеге бәріміз де керекпіз. Сөзді 
доғар, секір, кәне!

Секірмеймін.

Секіресің! —
Бәйтерек ашуланып, сілкініп өтті. Дәнек безек қақты.

Ататай, тимеңізші!

Жасықты жаным жек көреді. Шыбық тимес шыңқ етпе болған деген не сұмдық!
Бәйтерек енді әй
-
шайға қараған жоқ, бір жіңішке шыбығымен Дәнекті сырып жіберді.
Дәнек 
зу етіп құлдилаған бойы барып, жұп
-
жұмсақ топыраққа сүңгіп кетті. Терекке өкпесін
айтып та 
үлгере алмады.
Жер дымы мен Күн қызуы қойсын ба, Дәнек алдымен бусанып, содан соң қыз
-
қыз қайнап, 
бөртіп жүріп берді. Сөйтті де, ақ сүйрік болып өніп, қылтиып жер бетіне шыға келді. Бәйтерек тұр 
екен сол орнында, жапырақтары бүр жара бастады.

Бәйтерек ата, міне, мен өніп шықтым! —
деп айқай салды Дәнек.

Айтпадым ба саған! Қорқып ең, қуанып тұрсың енді. Көп қуаныш әлі алда. Сен қазір өскінсің. 
Сенің өзегіңді жарып қызғалдақ шығады. Қызғалдақ —
қуаныш гүлі, —
деп дауыстады Бәйтерек.

Кімді қуантам, қалай қуантам?

Өс, саусағыңды жай, алау ат! Арғысын өмірдің өзі көрсетеді.

Мақұл, айтқаныңызды орындаймын, Бәйтерек ата. Сіз де өсіңіз!
Нөсерлетіп жаңбыр құйды. Өскін суға тұншығып, қалшылдап жаурай
бастады.

Бәйтерек ата, өлдім! —
деп шыңғырды.

Шыда, өскінім, Сіміре бер жаңбыр суын. Ертең Күн шығады, жайнай түсесің.
Өскін
жаңбырға әбден шомылды, тамыры да ылғалды құныға жұтты.
Бәйтерек айтқандай, ертеңіне жайнап Күн шықты. Өскін құлақтанып, қызылшұбар жапырағын 
жайды. Енді әні
-
міне дегенше алақандай
-
алақандай жапырақтың дәл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет