-
Көрейік. Егер ертең осы уақытта жылқым бергі жағада
болмаса, қария сенің де, тазша, сенің
де басыңды алам, —
депті бай.
Тазша баланың айтқаны дайын болыпты. Бала
оқ толы оқшантайды беліне буып, мылтықты
асынып, төмендегі —
жарты күншілік жердегі өткелге қарап бет түзепті.
Келер күні ертеңгілік сол жақтағы ауылдан гүрсілдеген мылтық даусы естіліпті.
Тазша бала
ауылдың аяғынан түсіп, алдынан үріп шыққан итті мылтығымен бір басып сап «қаңқ» дегізіп
ілгері
тарта беріпті. Иттен ит қалмайтын болыпты. Мына суық хабар байға жетіпті.
Бай жігіттерін жұмсап,
тазша баланы
алдына алдырыпты.
-
Кімсің? —
депті бай.
Арғы ауылдың қойшысымын.
-
Е
-
е, ендеше мұнда нең бар? Итке неге тиісесің?
-
Біздің ауылдың қойының бәрін қасқыр қырып кетті. Пәленің бәрі иттен болды,
қасқырдан
қорқып үрмейді. Соған ашуланып, ол ауылдың итін
бірін қалдырмай қырып бітіп, енді осы
ауылдың итіне кірістім.
-
Ей, тазша неме, өзіңде ақыл бар ма? Ол ауылдың итінің қорқақтығынан
қойын қасқыр жейді,
сен бұл ауылдың итін қырасың. Өзеннің арғы жағындағы қасқыр бергі
жағындағы иттен қорықты
дегенді кім естіген?!
-
Дұрыс, байеке, біздің өзеннің арғы бетіндегі айғырдың даусынан бергі бетіндегі байтал
қорықты дегеніңізге сеніп қап, осылай істеп ем. Мұным ақымақтық екен. Кешіріңіз, қойдым, —
депті тазша бала.
Бай:
-
Тіліңе шоқ! Итімнен аулақ жүр. Бар
-
бар, өзің де, жылқың да құрысын, апар! —
деп сұп
-
сұр
боп отырып қалыпты.
-
Маған да керегі осы, —
депті де, тазша бала есікті көздепті.
Жүйелі сөзге кім қарсы болсын, хан айналасындағы небір әпербақандардың
өзі ләм
-
мим деп
жақ аша алмапты.
Тазша бала аулының жылқысын айдап оң жағаға қайтыпты.
Достарыңызбен бөлісу: