АР ЖАҚ - БЕР ЖАҚ Шу өзенінің екі жағындағы кең сазға екі ауыл қатар келіп қоныпты. Екі ауылдың ортасыңда
ернеуінен асып Шу өзені жөңкіп ағып жатады. Адам араласпайды, мал қосылмайды, әр ауыл өз
тірлігімен болады.
Екі ауылда бір
-
бірінің асқанын да, басқанын да көре алмайтын екі бай болыпты. Сол екі бай
ертелі
-
кеш өзен жағасындағы екі дөңеске шығып алып бір
-
бірінің жүрген
-
тұрғанын аңдып
отырады екен. Бірінің шаруасы асып бара жатса, екіншісі жасыпты, бірінікі шайқалса екіншісі
шалқайыпты.
Сөйте
-
сөйте өзеннің сол жағында отырған ауылдың бойы мүлде асқынып, ұрынарға қара
таппай сенділіпті. Бақастық адамға не істетпейді? Байдың ойына не бір пәле, не сан зұлымдық
орала беріпті. Байдың екі көзі су жақ
-