шаңдықпен байдың баласын атып ұрады да, басынан аттап кетеді.
Ел ішін тартып, бір сұмдықты күтеді.
Мосқал жылтыр қара кісі палуан баланың әкесі еді. Ол тұра жүгіріп барып баласының
жағасына жармасып, дедектетіп ортаға сүйреп әкеледі.
-
Иттің ғана күшігі, осы жаңа еді ғой жығылып қалғаның. Сені қай шайтан түртті? Қайтіп
жықтың
байекеңнің баласын?
Онда мен сізді аяғам, енді өзімді аядым.
Әкесі
баласын одан әрі жұлмалады.
-
Не деп тұр мына оңбаған?
-
Мен қарғаның баласы емеспін.
-
Апыр
-
ай, құртты
-
ау! Мынау бала емес, пәле екен, ей!
Әкесі
баласын ұрмақ болып, қолын көтере берген. Сол сәт көпті көрген көнекөз, аппақ сақалы
омырауын жапқан қария:
-
Тоқтат, жетер! Әй, өңшең ез. Жұдырықтай бала құрлы намыс болмаған соң өстіп қарға құсап
шуылдамағанда қайтпексіңдер?! «Күш атасын танымас» дегенді неге білмейсіңдер. Балам, кел
бері! Арлы адамның ісі
-
сенікі, айналайын! Малсыз болсаң да арсыз болма. Бүгін өз
намысыңды
қорғай білсең, ертең —
еліңнің намысын қорғарсың, —
деп намысшыл палуан баланы жанына
шақырып алып, маңдайынан иіскеп, бетінен сүйеді.
Бай бас бармағын шайнайды. Абайламай сөйлеймін деп, өзінің де, баласының да абыройын
айрандай төгіп алған еді.
Байдың баласы әкесі сияқты дөң кеуде бай болады. Әкесінің байлығын еселей түседі.
Ал кедейдің баласы ақсақал айтқандай, жамбасы жерге тимеген палуан, ел намысын
ардақтаған батыр болады. Қол бастап, халқын талай жаудан қорғап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: