басқа да әңгіме болатынын ұмытып па едіндер? —
деді атасы.
-
Тыңдаймын, айтыңыз.
-
Ендеше, тында. Атаң —
жетімдікті көп көрген адам. Анамның түр
-
түсі есімде
жок. Ол кісі
менің үш жасымда қайтыс балыпты. Әкем Смағұл мен әжем Үрияның қолында қалыппын мен.
Әкемнің де, әжемнің де маған жетімдік көрсеткісі келмейтін еді.
Бірақ
мен олардан да ерте
айрылып қалдым. Екеуі де мен он жасқа толған 1917 жылы сүзек ауруының құрбаны болды.
Мен енді өгей шешем Бижамалдың қолында қалып қойдым. Бижамал еркек кескінді, аса қатал
адам еді. Ол әкемнің аруағын күтіп көп отырмады, ерге шықты. Міне,
мен енді өгей әке, өгей
шеше колына қарадым. Кісі баласы тұрмақ, өз баланды
шолжаңдататын
заман ба ол? Қит етсем,
екеуі ұрып
-
соға беретін. Мен олардың қалтаң
-
құлтаң тірлігіне артық ауызбын.
Содан олар мені
Солдатовка деревнясындағы Тихон Иванович (фамилиясы есімде жоқ) деген кулакқа жалға берді.
Сол кезде менің жасым небәрі 12
-
де
еді. Қабырғам қатып,
бұғанам бекімей жатып, менің ауыр
еңбек жолым басталды.
Қатты
-
қайырын жұмысқа жарамаймын. Сондықтан
Тихон кулак мені көп
таяқтаушы еді.
Маңдайымдағы айғыз
-
айғыз тыртықтардың көбі содан қалған. Олардың әрқайсысы ауыр азаппен
ұялаған менің шекеме.
...Тихонның аттары серейген
-
серейген биік еді. Мойнына қамыт салдырмайтын. Жеккен
сайын мықшыңдап жатқаным. Жануар, бір жуас қарагер ат болды. Сол ғана менің мүшкіл
халымды аяйтындай,
басына қамыт апара бергенімде, мойнын төмен салушы еді. Бірде әлгі
жануар басын кекшитіп тұрып алғаны. Қамытты кигізе бергенімде шегініп кетті.
Қамыт өз
мойныма қапталып қалды.
-
Оңбаған ит!
Осы сөзді естідім. Арғысын білмеймін. Мойнымдағы қамыт жоқ. Бет
-
аузым сірне
-
сірне
қатқан қан. Басымда жалшы Ахмет отыр.
-
Әй, балақан
-
ай, шананы өзім жегетін едім ғой.
-
Қарагер
жуас еді.
-
Қулактың аты да өзі сияқты құбылмалы болады.
Бұдан былай жолаушы болма.
Достарыңызбен бөлісу: