ТЫРТЫК, СЫРЫ Сейітжанның атасының шекесіңде айқұш
-
ұйқыш бірнеше тыртық бар. Атасы өмірі шаштаразға
барған адам емес. Өткір ұстарасы бар, соны қолға береді де, шашын жібітіп:
-
Ал, —
дейді.
Сейітжанның әкесіне де, ағасына да сөйткен. Ендігі кезек
Сейітжанға келді. Атасы алғаш
ұстарасын ұсынғанда, Сейітжанның қолы дірілдеп, қатты жүрексінді.
-
Қорықпа, балам, —
деді атасы, —
Атаңның басы не көрмеген бас. Сенің қолыңның ептеп
тайып кеткеніне түк те болмайды. Азар болса, арам қаны шығар. Аяма, сыпыр.
Мына сөзден сон Сейітжанның көңілі ептеп орнына түсіп, батылданатын. Сөйтіп жүріп ол
шаш алуды әбден үйреніп алды.
Енді атасының шашын алу екеуіне де бір рақат болды. Атасы бұл шашын сыпырып тастаған
кезде ерекше бір көңілденіп кетер еді.
-
Міне, азамат! Шаш ала білген адам батаға ие болады. «Жауынмен жер көгереді, батамен ер
көгереді». Ал, —деп алып, батасын төге жөнеледі.
Бірде атасы осылай мәжірежай болған кезде:
-
Ата, шекеңізде
тыртық көп қой. Ол неліктен? —дегені бар Сейітжанның.
-
Оның
бәрінің себебі бар. Әрқайсысы —
бір
-
бір
әңгіме. Айтып берсем, тыңдайсың ба? Жоқ,
сеңдер кітаптан