дарымызды жайратып тынсақ, бұл жортуылымыздың мәні қайсы? Бәріміз
тізе қоса қимылдасақ
қана құриды Өтегендер. Сонда ғана қайтады халық кегі, —
деді де Тоқаш Бокин біраз келелі
әңгіме толғады.
Абдолла отрядқа өзінің
бас қамы үшін келіп қосылып еді, сөйтсе мәселе түйіні тереңде жатыр
екен. Абдолла өстіп жүріп біртін
-
біртін
көзі ашылып, революция ісіне біржола беріліп кетті.
Верныйдағы патша әскері қамалына жасалған
шабуылда Тоқаш Бокин отрядының ер жүрек
жауынгерлерінің арасыңда Абдолла да бар болатын.
Осыдан кейін Тоқаш Бокин отряды Верныйда қалып қойды да,
Абдолла қызыл әскерге
қосылып, Жетісуды ақ бандадан азат ету жорығына шықты.
Гавриловка селосын азат ету үшін болған кескілескен бір ұрыста кешкілік Абдолла қатты
жараланды. Түнімен ес
-
түссіз жатып, ертеңгілік көзін ашса, дәл жанында жау зеңбірегі от бүркіп
тұр. Абдолла атының елексесін тасалап жатып, зеңбірекшіні жалғыз
оқпен жайратып салды. Осы
сәт тағы да талықсып кеткен.
-
Абдолла. Абдолла! Туысқан, братан!
Құлағына таныс үн талып жетеді. Біртін
-
біртін есі кіре бастады. Біреу басын көтеріп, аузына
су тамызып отыр. Алдымен көзге оттай ыстық шошақ бөрік, қызыл жұлдыз, сонан соң Иванның
сала құлаш сары мұрты, барлық таныс кейпі айқындала берді.
-
Иван!
-
Абдолла! Мен сонда айтты кездесемиз. Кездестик. Сен —
кызыл аскер,
мен тоже кызыл
аскер.
-
Иван! Мен өлем.
-
Брось та, Абдолла. Сен лазарет жатады, жазылады. Кызыл аскер өлмейди, согысады,
побеждает. Биз али жаксы омир суреди. Потом оледи.
Иванның айтқаны
келді. Абдолла Верныйдағы лазаретке жеткізіліп, өлмеді, жазылып шықты.
Абдоллаға енді мұсылман отрядына жолдама берілді. Оның командирі дүнген
халкының
даңқты ұлы Мағазы Масанчи еді. Абдолла бұл отряд құрамында Қазақстан мен Орта Азияны тап
жауларынан азат ету жолындағы небір кескілескен ұрыста жанқиярлық ерлік көрсетті. Әрқашан
ұрысқа кірерінде: «Кызыл аскер олмейди, соғысады, побеждает», —
деген
Иванның сезін бір
қайталап
-184-
қоюшы
еді. Дәл солай болды, тап жауларын талқандап жеңіп шықты.
Орта Азиядан қайтқан сапарында Абдолла қанды көйлек достарымен бірге келіп осы Алғабас
аулының орнына алғашқы қазық қаққандардың бірі болды. Алғабастан өзі туған Қарабақыр аулы
алыс емес. Бірақ Абдолла атай өзінің жорық жолында табысқан достарымен бірге өмір кешіп
келеді
!
Осындағы «Алғабас» ұжымшарын» өз қолдарымен құрып, гүлдендірді. Бәрі де енді жолды
балаларына берген, өздері құрметті демалыста.
Ал Абдолла атайға бір кездері адаспас
жол нұсқаған Иван атай болса, сол өзінің
Ұзынағашында, өз сөзімен айтқанда, «жакси омир суреди».
Достарыңызбен бөлісу: