КӨЛДЕЙ КӨЛЕҢКЕГЕ СЫЙМАҒАН ЕКЕУ Шілденің күні жер
-
дүниені шыжғырып
тұрған шаңқай
түсте сандықтай тастың
көлеңкесінде қарақұрт пен қара шұбар жылан кездесіп қалды. Екеуі де жансая қылар
көлеңке іздеп келген.
-
Әй, қыбырлаған неме, қайдан жүрсің? Жөнел бар жаныңның барында, аулақ! —
деді жылан иіріліп жайланып жата бере.
-
Әй, шұбатылған ішек, барсаң өзің бар! Мен тұрғанда саған
көлеңке қайда? —
деді
қарақұрт торсиып етбетінен құлай кетіп.
Өстіп
екеуі екі жерде жата берсе, көлеңке, әрине, жетерлік еді. Бірақ
ондай ынтымақ
жылан мен карақұртта қайдан болсын? Сәл жатып, салқындап ес жиған соң, екеуі де
басын көтерді.
-
Әй, жаңағы айтқаным қайда? Бар, менің ұйықтауым керек. Маза бер! —
деді жылан
зекіп.
-
Барсаң, өзің бар! Босат көлеңкені, бұл жер енді менікі болады. Торымды құрып
мекен етем, —
деді қарақұрт қасарысып.
-
Айтқан тілді алмадың ғой?
-
Алмадым!
-
Бар дегенде бармадың ғой?
-
Бармадым.
-
Ал әйтпесе, өз обалың өзіңе!
Жылан қарақұрттың уы жиналған торсығын шап беріп тістеп кеп қалды. У толы
торсық тарс жарылды. Қарақұрт аяқтары серейіп, қиралаңдады да қалды.
-204-
Жыланның аузы уға толып кеткен, жұтып кеп жіберді. Өзегі
өртеніп бара жатты. Ендігі
сәтте басы, құйрығы, ортан белі —
әрқайсысы әр жаққа шорши жөнелді.
Сөйтіп, көлдей көлеңкеге сыймаған екеу лезде екі жерде жайрап жатты.