Тірі организмдердің ( вирустардан басқа) құрылымының ең



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#88276
  1   2   3   4
Байланысты:
Жасуша



Жасуша
Жасуша 
Жасуша

тірі организмдердің (
вирустардан
 
басқа) құрылымының ең 
қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын 
қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, 
қарапайымдарда, кейбір 
балдырлар
 
мен 
саңырауқұлақтарда
) немесе көп 
жасушалы жануарлар, 
өсімдіктер
 
және 
саңырауқұлақтардың
 
тіндері мен 
ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек 
вирустардың
 
тіршілігі жасушасыз 
формада өтеді. 
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук 
(1635 
– 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы 
биологиялық зерттеулердің негізі. 
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге 
(түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер 
Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 
2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, 
организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. 
Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен 
(жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық 
жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. 
Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал 
цитоплазма құрамындағыларды – 

рибосома, 

митохондрия


эндоплазмалық тор


Гольджи кешені, 

лизосома


клеткалық мембрана деп атайды. 
Рибосома
Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. 
деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде 


де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында 
кездеседі. 
Цитоплазма
 
– ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы 
химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар 
(ақуыздар, 
көмірсулар
, липидтер, 
нуклеин 
қышқылдары

гормондар

ферменттер

витаминдер
, тағы басқа) және 
минералдық заттар түзіледі. 
Митохондрия
 
– Жасушаның тыныс алу процесін 
қамтамасыз ететін органоид. 
Митохондрияның
ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 
мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш 
фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін 
Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды. 
Ядро
– организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық 
қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі. 
Эндоплазмалық тор
 
– цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың 
және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік 
заттарды тасымалдайды, 
липидтер
 
мен көмірсулардың (
полисахаридтер

алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. 
Гольджи кешені
– бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 
10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған 
органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа 
шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады. 
Лизосома
 
– қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту 
ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы 
басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 
мкм. 
Лизосома
 
ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас 
қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға 
қатысады. 
Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе 
Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның 
қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта 
арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның 
қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы 
құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының 
құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз 
айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы 
күрделі полисахарид негізінде (
матрикс
) орналасқан целлюлозды 
микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының 
тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік 
Жасуша қабықшасын (
целлюлозадан
) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза 
талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша 
қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы 
органоид-пластидтер – 
хлоропласт
, хромопласт, лейкопласт бар.
[1]
 
Жасуша теориясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет