құрылымының бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара
ұқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің
бір екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан
түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.
Микроскоп
.Жасушалардың мембранасына, ядросына және цитоплазмасының
құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық
микроскоп арқылы көруге болады.Жарық арқылы көрсететін микроскоп
зерттейтін заттарды 100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген
окулярды қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың
есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия
жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерттеу үшін
центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады.Ол өте жылдам
айналып,жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады,себебі
оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады. Жасушаның аса нәзік
құрылысы мен қызметін зерттек
тек
цитологтардың
,биохимиктердің,физиологтардың, генетиктер мен
биофизиктер күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-
өзі түсінікті. Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық
құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын
қызметін зерттеуге кең жол ашты.
Жасуша органоидтары
Достарыңызбен бөлісу: