43
арта түседі. Н.Е. Шафажинская өзін-өзі бағалаудағы өзіндік өсіп-
жетілу құралы ретінде қолдану студенттерді болашақ мамандығына
даярлаудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып
табылатындығын көрсетті.
Міні сондықтан да тұлғаның өзін-өзі сынауын қалыптастыру,
оның өзін-өзі тануын дамытумен шұғылдануды оның ЖОО-да
студент кезінде-ақ бастау қажет.
Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы бір әдісі-өзін-өзі бақылау.
Адамгершілігі биік, жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген
жоғары
талаптарымен,
оның
ішкі
өзін-өзі
бақылауымен
ерекшеленеді.
Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай
алуы – биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көрсеткіші, өзін-өзі
бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың,
іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырады.
Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша,
тұлғаның өзін-өзі тануы – студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз
білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты.
Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті
жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет. “Өзін-
өзі адам ретінде зерттеп – білмеген адам өзге адамдарды да терең
зерттей алмақ емес”.
2. Тәрбие мақсатының педагогикалық процесс пен қоғам
қажеттілігіне қарай өзгеріп отыратыны баршамызға мәлім. Қоғам
мүшелерінің
бәріне
ортақ,
бірегей
мінез-құлық,
қасиет
болмайды.Адамдар тұлға ретінде өзіндік жеке ерекшеліктерімен
дүниеге
келмейді.Әрбір
адамның
жеке
тұлға
ретінде
қалыптастырылып, тәрбиеленуі оның өзіндік іс-әрекеттеріне де
тікелей байланысты. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп,
тәрбиелеп отыруы керек..
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінде «мен» ұғымының мәні зор.
Тәрбие барысында адамдарды бірдей, инкубаторлық тұрғыдан
тәрбиелеу дұрыс емес. Көптеген жағдайда адамдар тәрбиесі
қоғаммен, ортамен үйлеспей жатады. Мұндай жағдайда әрбір адам
өзін-өзі
тәрбиелеумен
саналы
түрде
айналысуы
тиіс.
Бұл
педагогикалық процесте – өзін-өзі тәрбиелеу
Достарыңызбен бөлісу: