Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


деп аталады. Өзін-өзі  тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі бөлігі.  Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз  ––



Pdf көрінісі
бет21/55
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#88658
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
Ерғалиева Г.А. Өзін-өзі тану пәні (1)

 
деп аталады. Өзін-өзі 
тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі бөлігі. 
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз
 –– 
адамның өзінің теріс қылықтарын 
жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байланысты саналы, 
мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу – ол моральдық және 


44
этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы. 
Өзін-өзі тәрбиелеу –– адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-
келген адам тәрбие жүйесінде өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, 
қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік ете алады. Өзін-өзі 
тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу 
барысында адам өз білімін дамытады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу окушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен 
дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда 
олардың жас ерекшеліктерін есепке алуы керек. Өзін-өзі тәрбиелеу 
нышандары кіші мектеп жасындағы окушылар бойынан байқалады. 
Мысалы
: бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді 
немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл 
олардың өзін өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы 
ынтасы болып табылады.
Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Соның 
ішінде қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде 
ұмтылады. Олар барлық нәрсені жоғары сезіммен қабылдап, сәл 
нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп қарайды. Жоғары сынып 
оқушыларына өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін 
дамыту ұмтылысы тән.
Оқушылардың 
өздерін 
өздері 
тәрбиелеуін 
ұйымдастыру 
мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты 
міндеттерді жүзеге асыруы керек: 
• оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; 
• өзіне-өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; 
• өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді 
тудырып отыру; 
Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен 
күресуден бастайды. Біреуі бойындағы берекесіздіктен, екіншісі-
дөрекіліктен, үшіншілері-тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы 
келеді. 
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне 
талдау жасап отыру – өзін-өзі тәрбиелеудің басты элементі. 
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу программасын қалай жасауды 
жақсы елестете алмайтындықтан оларға жиі-жиі көмек көрсетуге 
тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлқына талдау 
жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің 
маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе дискуссиялар 
өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет