Дәріс кешені құрастырушы


§6. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі238,68 Kb.
#89031
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

§6. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ
ҚАБІЛЕТТІЛІП
1. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның кабілеттілігінің
айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың
құқықтары мен міндетгерін тудыратын тұрмыс
катынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды.
Оған отбасылык, қатынастарға, содан туындайтын құқықтар
мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы
дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың
кандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын
әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті
катынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе
міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Заңды тұлғаның құқык қабілеттілігі ол құрылған сәтген
бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде
тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжатгарында тізбесі
белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия
негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен
айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның
құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен
бастаппайда болады. Азаматтық кодекстің 35бабының
1тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтык құқыққа ие болып,
өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады.
Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар
заң құжаттары немесе кұрылтай кұжаттары арқылы тыйьш
салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін


азаматтык құқыкка ие бола алады және азаматтық міндетті
де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір
қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа
қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтықкодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі
де ескерілген. Оныд бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай
кұжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін
құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы
құқық қабілетгілігіне жатпайтын жалпы құқық қабілетгілігіне
ие болады. Мүндай ұйымдар заң актілерінде тыйым
салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра
алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында
қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған
тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық кабілетгілігі
принципінен
коммерциялық
ұйымдардың
өзіндік
ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мүндай ұйымдар үшін
арнайы кұқық қабілеттілігі заң құжаттарындакарастырылуы
мүмкін. Мысалы, мүндай арнайы құқық қабілеттілігіне
банкілер, мемлекетгік кәсіпорындар ие.
Екіншіден, коммерциялың ұйымдардың құкық
қабілеттілігі құрылтай қүжаттарында керсетілетіңдіктен ол
құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұңдай шектеулер
заңды тұлғаның айналысатьш қызметі түрлері енгізілген тізбе
арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін
жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның
құқық кабілеттілігіне болатын мүндай шектеулердің кұрылтай
қүжаттарынан туындауының маңызы зор.
Азаматтықкодекстің 37бабында айтылғандай, заңды


тұлға заң менқұрылтайқүжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз
органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне
міңцеттер алады.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның үсыныстарымен
есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілетгілігі
шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады.
Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның
органы құрылтайқұжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін
асыра пайдаланып кдбылдаған мівдеттемелері бойынша
жауап береді (АКтің 44бабының 4тармағы). Бірақ заңды тұлға
органыңың жарғыдағы талапты бүзып жасаған мәмілесін
жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ
мұндай құкық бүзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса
және оны дәлелдесе онда мүндай мәмілені жарамсыз деп
тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау
тәртібі немесе тандау және олардың өкілеттілігі заң және
құрылтай қүжаттары арқылы айқындалады.
Азаматтық кодекстегі 37баптың жалпы ережесі заңды
тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен
тәртіптеледі.
Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара
болуы мүмкін.
2. Заңды тулганың атауы. Азаматтық кодекстің
38бабының 1тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа
заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы
болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде
дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым
болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны
тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды


тұлға өзінін фирмалық атауымен заңды тұлғалардың
бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау
коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге
жатады және интеллектуалдык меншіккеқатысты құқықтың
(құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып
табылады (АКтің 125бабы).
Бөтен фирмалык атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол
атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды
дереу токтатуға және келтірілген залалдың орның толтыруға
міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның калай аталатының және
ұйымдыкқұкықтық нысаның керсетуді қамтиды. Ол заңдарда
көзделген косымша мағлүматты кдмтуы мүмкін. Заңды
тұлғаның атауы оның құрылтай қүжаттарында көрсетіледі.
Азаматтык кодекстің 38бабы заңды тұлғаның атауына
байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір
дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның
атауында заң талаптарына немесе қоғамдык мораль
нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке
адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес
келмесе не қатысушылар бұл адамдардыңесімін пайдалануға
олардан (олардын. мұрагерлерінен) рұксат алмаса, ондай
есімдерді пайдалануға жол берілмейді.
3. Заңды тулганың турган жері. Заңды тұлғаның тұрған
жері іс жүзінде (міндеттемеш орындауда азаматтык істерді
сотқа беружәнет.б. анықтауда да) өтемаңызды. Азаматтык
кодекстің 39бабында заңды тұлғаның түрақты жұмыс істейтін
органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатының
және заңды тұлғаның, тұрған жері оның құрылтай
құжаттарында почталық толық мекенжайы жазылып


көрсетілетіндігі қарастырылады.
4. Заңды гщлганың филиалдары мен өкілдікт%)і.
Азаматтық кодекстің 43бабына сәйкес заңды тұлғаның
тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің
бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге
асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал заңды
тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның
мүдделерін қорғау мен өкіддігін жүзеге асыратын оның
атынан мәмілелер мен өзге құқықтык, әрекетгер жасайтын
оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен
өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған
заңды тұлғаның, мүжі беріледі және оның бекіткен ережелері
негізінде жүмыс істеңді. Өзгеше нысандағы заңды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын
заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның
сенімхаты негізінде жүмыс істейді. Сөйтіп филиаддар мен
өкіддіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды
тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік
басшысының өкілеттілігі филиалды немесе ©кілдік
ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде
айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының
мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай
мәмілелерден туыңдаған міндеттемелік жауапкершілікті
мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді.
Азаматғық кодекстін, 42бабының 4тармағына сөйкес
филиалдар мен өкілдіктер заң қүжаттарында белгіленген
тертігшен тіркеледі және оларды кұрған заңды тұлғаның
жарғысында керсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде
айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды


тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде
өкілдіктін де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік
өзін кұрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және
оның атынан мәмілелер мен баскд да құқықтық әрекеттер
жасай алады.
5. Заңды гщлгаларды қайта қуру және тарату. Қайта
құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің
мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқгатылу тәсілі болып
табыла
ды. Қайта кұрудың бес түрі бар (АКтің 45бабы): қосу,
біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта
құрудың басқа да нысандары кезделуі мүмкін. Қайта құру
ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта
құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай
қүжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды
тұлғаның органыңың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бірақ мынадай жәйтгі ескеру керек, яғни заңды тұлғаның
жекелеген түрлері үшін қүжаттарының, императивті (бұйрық)
нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне
қатысты келіп, оны қайта кұруға байланысты қабылдаған
шешімге сәйкес болады. Азаматтықкодекстің 79бабына
сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша
құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру
немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды
тұлғаны қайта құру оның мүжінің меншік иесінің (уәкілетгі
органның) немесе заң қүжаттарымен уәкілдік ететін
органның шешімімен, немесе құрылтай қүжатымен немесе
заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен
жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі
шешім әдетге оның жоғары органьшен кабылданады.


Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексівде заңда қаралған
ретге, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік
органньвд келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен
бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыкка
алады.
Ықтиярсыз қайга құру заң қүжаттарыңда көзделген
реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге
асырылуы мүмкін (АКтің 45бабының 3тармағы). Сөйтіп,
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсш таратуды сот
тәртібімен ғана реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің
45бабының 3тармашнда айқындалған, енді оны сөзбесөз
келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүжін меншіктенуші,
ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды
тұлғаның құрылтай қүжаттарьшда қайта құруға уәкілдік
берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органыңың
шешімінде белгіленген мерзімдежүзеге асырмаса, сот заңды
тұлғаның баскдрушысын тағайыңдайды және оған осы заңды
тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады.
Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның
ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы
сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын
жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде
туыңдайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне
береді. Аталған кұжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда
болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
болады".
Заңды тұлға, біріктіру нысанасында қайта құрылатын
реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар
тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.


Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тулғаны біріктіру
жолымен кайта құрған кезде, заңды тұлғалардың
мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің
тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап
олардың біріншісі кайта құрылған деп есептеледі.
Азаматтық кодекс (46бап) заңды тұлғаларды қайта
құрған кездегі құқықты мирасқорлықты да қарастырады.
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың өрқайсысының
құқықтары мен міндеттері еткізу құжатына сәйкес жаңаданг
пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген
кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері
өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен
міндеттері бөлу балансына сөйкес жададан паЁща болған
заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тулғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды
тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес
олардың өркайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның
құқыктары мен міндеттері ауысады.
Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны,
бекіту) койылатын талаптар АКтін 47бабындақаралған. Оның
1тармағындағы ереженің маңызы зор, ягаи еткізу актісі мен
айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық
несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық
міндеттемелері бойынша соның ішівде тараптар дауласқан
міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы
ережелер болуға тиіс.
Қайта кұрылған заңды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен
міндеттері) жаңадан кұрылған заңды тұлға тіркелген немесе


құрылтай кұжаттарына езгерістер енгізілген тұста, егер заң
құжаттарында немесе қайта КҰРУ туралы шешімде өзгеше
көзделмесе, мирасқорына өтеді. АКтің 47бабында заңды
тұлғаларды қайта құру нәтижесінде жаңадан гайда болған
заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуда екі негіз каралады:
олар, атап айтқаңда: 1) құрылтай құжаттарымен бірге тиісті
өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы; 2)
оларда
қайта құрылған заңды тұлғаның, міндеттемелері
бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердің
болмауы.
Осы айтылғандардан баска, тіркеуден бас тарту АКтің
42бабының 5тармағы бойынша жүзеге асуы мүмкін.
АКтін 48бабында заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның
несие берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:
1) қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл
туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне
жазбаша түрде хабарлауға міндетті; 2) бөлінген және беліп
шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие
берушісі осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын
міндеттемелердің мерзімінен бүрын тоқтатылуын және
келтірілген залалдың орның толтырылуын талап
етугеқұқылы; 3) егер бөлу балансы қайта құрылған заңды
тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе,
жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондайак құрамынан
басқа заңды тұлға бөлініп шыккан заңды тұлға қайта
құрылған заңды тұлғаның міндетгемелері бойынша оның
несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады.
6.
Тарату—заңды
тулганыңқуқықтарыменміндеттерінмирасқорлыққа өткізбей


тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз
жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінін немесе меншік
иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондайақ
құрылтай қүжатгарында шешім қабыддауға уөкілдік берілген
заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез
келген негіз бойынша таратьиуы мүмкін, әрине, бұл жерде
әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.
Ал ықтиярсыз тарату сот іпешімімен: 1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге
келмейтін сипатта бүзылуына жол берілуіне байланысты оны
тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық
максаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге
асырылған; 4) тиісті рүқсат алынбаған (лицензия) қызметті,
не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге
асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе ерескел
бүза
отырып
жүргізген
жағдайда;
5)
заң
құжаттарындакөзделген басқада жағдайларда таратылуы
мүмкін.
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату
мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң
қүжатгарында қаралған негіздер бойьшша жүзеге аса алады.
Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің
(уәкілетті органыңыд) немесе заңды тұлғаның тиісті
органыңыңтағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге
асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып
отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату
жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны
басқарады және оның атынан әрекет етеді.
Тарату комиссиясы болатын тарату женівде Әділет


органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды
тұлғаның таратылғаны туралы және оньвд несие
берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі
туралыресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату
туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем
болмауы керек.
Несие берушілердің талаптарьш қанағаттандыру
жөнінде АКіің 51бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек
бойьшша жүргізілетіңдігі келтірілген:
1) бірінші кезекте — таратылатын заңды тұлға еміріне
немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған
азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға
айналдыру жолымен қанағаттавдырылады;
2) екінші кезекте несие берушілердің қамтамасыз ету
сомасы шегінде таратылатын банкроттың мулкін кепілге
салып қамтамасыз етілген міндетгемелері жөніңдегі
талаптары қанағаттаңдырылады;
3) үшінші кезекте — еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтін адащардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық
шартгар бойынша сыйақылар телеу жөніндегі есеп айырысу
жүргізіледі;
4) төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс
қорларға мівдетті телещер жөнінде берешек етеледі;
5) бесінші кезекте — заң құжатгарына сәйкес басқа да
несие берушілермен есеп айырысылады.
Таратылатын заңды тұлға мүжінің жеткіліксіз болуына
байланысты несие берушілердің қанағаттавдырылмаған,
сондайақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлівделмеген
талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап
қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату


комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен
несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар
да етелген деп есептеледі. 7. Банкроттык,.
Заңдытұлғанытаратудыңжекежағдайы
оны
банкрот
жариялау болып табылады. Банкрот ұғымы АКтін 52бабында
келтірілген. Оған сәйкес, банкроттық — борышқордың соттың
шешімімен танылған оны таратуға негіз болып
табылатындәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп
танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың
несие берушілердің талаптарьш өзіне тиесілі мүлік есебінен
өте
уге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкроткд
ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды
тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің
мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатьш борышқордың
мүлкі барлық несие беруіпілердің талаптарын
қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер
оларға әділ етіп бөлінеді.
Азаматғықкодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және
заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен
қазыналықкәсіпорыңдарға банкротшққолдануғатиісті емес,
өйткені, олар несие берушілердің талаіггарьш орыңдау үшін
ақша каражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың
міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық)
жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді.
Сондықтан да 1997 жылы 21қаңтарда қабыдданған
Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңының
2бабына сәйкес, банкроттық казыналықкәсіпорындар
менмекемелергежүрмейді.
Дәрменсіз
борышқорға
банкроттық рәсімді қолдануда банкроттық ерікті немесе


мәжбүр ету төртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ерікті банкротғық борышқордың еркімен сотқа арыз
беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие
берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсызақ
жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық
несие берушінің, сондайақ заң актілеріндекөзделген
жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі
немесе "Банкроттық туралы" заң талаптары арқылы мүмкін
болады.
Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып езінің
дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды
сұрап сотқа өтініш бере алады. Борьппқор өзін тарату
жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүжі бойынша несие
берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, ягаи
дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.
Егер борышқор үш ай ішівде өз міндетгемелерінің
орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші
борышкорды банкрот деп тану женівде сотқа өтініш жасайды.
"Банкроттык туралы" заңның 35бабына сәйкес,
банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай
алады:
1) борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу
туралы шешім;
2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы
шешім;
3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қоддану
тура
лы үйғарым;
4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым. 8.
Оңалтурәсімдері. Банкроттық рәсівдердің мейлінше маңызды


рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге
мумкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып
табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес,
кәп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы
болады.
Борышқорға төлем кабілеттілігін қалпына келтіру
мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп — дәрменсіз борышқорға оны
таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем
қабілетін қалпына келтіруге баштталған сот не соттан тыс
рәсім арқылы кодданылатын кез келген кайта құрушылык,
ұйымдастырушаруашылық, басқарушылық, ршвестициялык,
техникалық, қаржыэкономикалық, құқықтық жөне заддарға
қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.
Оңалту рөсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты
ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек. Аталған
рәсімді қолдануға борьшқордын өзі өтініш жасауы мүмкін,
және оның мүлкінін иесі (мемлекетгік кәсіпорынға қатысты)
немесе несие беруші де сондайқұқыққа ие болады. Оңалту
рәсімін жүзеге асыру ұшін сот кепіліменқамтамасыз еткен
талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан, сондай ақылы
несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50
пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі
қажет.
Оңалту
рәсімі
несие
берушілердіңкелісіміментағайындалған
оңалтуды
басқарушысы жүзеге асырады. Дәрменсіз борышқорды
банкрот деп жариялағанда оны тарату конкурс тәртібімен
жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы
тағайыңдалады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады
және ол алты айдан аспауы керек.


Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және
банкрот болған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы
Азаматтық кодекстің 56— 57баптарында карастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет