Әлеуметтік интеллект - өзіңді және қоршаған ортаның тәртібін, өзін
ұстауын дұрыс түсіну қабілеті. Яғни, адам өзінің ойын басқа адамға
анық жеткізе алуы, немесе керісінше басқа адамды түсіну қабілеті,
ортаға сіңісіп кету дәрежесін көрсетеді. Бұл арада біз нетворкинг сөзіне
келеміз.
Алғашқы марафондарда да, біз осы ұғымға үлкен мән бергенбіз.
Кездейсоқ таныстарымыз әртүрлі, олар бір біріне ұқсамайды, социумда
біздікінен бөлек орын алады. Демек, олар бізге қоғамдық күш береді.
Және таныстарыңыз қаншалықты көп болса, сіз соншалықты күштісіз.
«әлеуметтік капитал» деген ұғым бар. Адамның байлығы тек банктегі
есепшоты емес, қандай және қанша адамды танитынымен өлшенеді.
Мәселе мынада: неғұрлым көп адамды білген сайын, жаңа идеялар,
жаңа мүмкіндіктер көбірек болатыны анық: демек сен жеңіске жақындай
түсесің.
Достарыңызбен бөлісу: