Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


Кейт Феррацци «Никогда не ешьте в одиночку и другие правила



Pdf көрінісі
бет37/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
қазақша смм

Кейт Феррацци «Никогда не ешьте в одиночку и другие правила 
нетворкинга»
деген бестселлерінде мынаны айтады: «Қарапайым 
отбасынан шығып, бала кезінде гольф алаңында доп тасып жүргенде 
түсінгенім, кедейлік деген ақшаның жоқтығы емес, кедейлік деген белгілі 
бір топтардан, сіздің потенциалыңызды іске асыруға көмектесетін 
адамдардан шеттетіліп қалу» дейді. Ол ақыл, талант деген ұғымдардың 
ешқайсысы жақсы коммуникациялық қабілеттерсіз адам жеңісіне 
көмектесе алмайды дегенді айтады.
Өз қызмет салаңыздағы, біліміңізді, мүмкіндіктеріңізді өсіретін 
«керек» байланыстарды құруға қорқпау керек. Қуаныш Шонбайдың 
«керек» адамдармен коммуникацияға шығудың нақты қадамдары бар:
1. «Керек» адамыңыз туралы көбірек ақпарат білуге тырысыңыз, 


1. «Керек» адамыңыз туралы көбірек ақпарат білуге тырысыңыз, 
оның оқитын кітабі, көретін киносы, не нәрсеге қызығады, 
тағысын тағы. Бұл сөйлесе қалған жағдайда қызық әңгіме 
өрбітуге көмектеседі. Түсінікті болу үшін «48 законов власти» 
кітабінан үзінді 
оқыңыз.
2. Мақтай біліңіз. Мақтауыңыз шыншыл, өмірге үйлесетін 
болсын. Өтірік жағымпаздық ешкімге ұнамайды.
3. Өзіңіз қызықтырарлықтай болыңыз: сырт келбетіңіз, киіміңіз, 
сөз сараптауыңыз, әлеуметтік желідегі парақшаңыздың 
келбеті, бәрі-бәрі сіздің салиқалы, байсалды жан екеніңізді 
көрсетіп тұру керек.
4. Ешкім сізге ештеңе беруге, сізге жауап беруге міндетті емес. 
Бір ауылдан, бір рудан болсаңыз да. «Керек» адамыңызға сіз 
де керек бола алуыңыз керек.
5. «Керек» адамыңыздың назарын аудара алған жағдайда 
сасып қалмаңыз, бар күшіңізді тек көңілін аударуға жұмсап
келіссөз жүргізуге келгенде «ожидание/реальность» болып 
қалмасын.
Күнделікті өмірде қолдануға болатын коммуникациялық құрал бұл – 
«Сендвич техникасы». Кейде, ситуация шынында да сын айтуды талап 
ететін шығар. Мұндай жағдайда сэндвич техникасын пайдалануға 


болады. Алдымен жақсылап тұрып мақтайсыз, сосын сыныңызды 
айтасыз, сосын қайтадан мақтайсыз. Бұл – еврей халқының балаларын 
тәрбиелегенде пайдаланатын әдісі. Олар ешқашан сынды баланың 
ішкі бағасын түсіретіндей етіп айтпайды, сондықтан бала комплекссіз 
болып өседі. Әрбір ересек адамның ішінде де бір-бір бала өмір сүреді. 
Сондықтан, аса қажет болса, сынай отырып мақтауды, мақтап отырып 
мақтамен бауыздауды үйреніңіз. Адамға естігісі келген нәрсені айтуға 
машықтаныңыз.
Блоггер
Әлеуметтік желіде үлкен аудиториялардың назары блоггерлерде. 
Бұл заманауи мамандықтардың біріне айналған. SMM саласында 
блоггерлермен жұмыс жасай білу керек. Кәсібіңіз болса, өніміңізді сату 
барысындағы жарнаманың бір түрі. Егер жеке парақшаңызды дамытып 
блоггер болғыңыз келсе, басқа блоггерлермен нетворкинг құрып
сондай ортада жүру өте маңызды.
Қорытындылағанда, әлеуметтік желі қарқынды дамып келе жатқан 
заманда, SMM саласын меңгермеу артқа жасаған үлкен қадаммен 
тең. Сондықтан, бізбен, «Versus»-пен, «Versus» ұжымымен даму жолын 
таңдағаныңыз үшін үлкен рахмет. Бізде әр дайым даму үстінде болып, 
сіздермен міндетті түрде жаңалықтармен бөлісіп отыруға асықпыз. 
Versus ұжым:
Мейірбек Бердібайұлы 

Академия директоры 
@zhmeirbek
Ардақ Нұрманова

Сату бөлімі басшысы
@ardak_kerey
Айым Джекенова

Контент бойынша маман 
@aiym_jekenova
Назерке Құлжабай 

Методист және қабілет анықтау маманы 
@nazerkekulzhabay
Сұлушаш Ардаққызы 

Интернет маркетинг маманы
@sulushash_ardakkyzy
Versus Academy сайты:
www.versus.academy
«Екінші болма!» кітабының сайты:
www.2-bolma.kz
Instagram: @versus.academy 
Facebook:
Whats App: 8-778-066-66-08


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет