Байланысты: !!! COVID key facts and actions in education final integrated kaz (4)
Санитарлық және эпидемиологиялық бақылау бойынша нормативтік талаптар №611 бұйрық: 30.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам
тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық
уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.
31.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры
және су бұру құрылғысымен жергілікті ауыз суы мақсатындағы көздерден алынатын су
пайдаланылады.
32.
. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін ауыз-суды пайдалануға жол
беріледі, оны жеткізу мамандандырылған автокөлікпен, ауыз сумен жанасуға рұқсат
етілген материалдардан жасалған, уақтылы тазартылатын, жуылатын және
дезинфекцияланатын таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда жүргізіледі.
33.
Әкелінетін сумен жұмыс істейтін объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған
сыйымдылықтар орнатылған жеке үй-жай көзделеді. Сыйымдылықтар таңбаланады
("ауыз су"), олар апта сайын (және қажеттілігіне қарай) жуу және дезинфекциялау
құралдары қолданыла отырып, тазартылады және дезинфекцияланады. Ауыз суға
арналған сыйымдылықтарды басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.