17
патриотизмді, толеранттылықты, өз елінің өткен тарихына, ата-бабалар мәдениеті мен әдет-
ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көздейді. Әртүрлі тарихи
кезеңдегі өз елінің тарихын зерделеу арқылы оқушылар тарихи үдерістің біртұтастығы мен
сабақтастығын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы дүниежүзі тарихының бір бөлшегі екенін
түсінеді. Оқушылар тарихи даму үдерісіндегі Қазақстан халқы адамзаттың прогресіне
өзіндік бірегей әрі ауқымды үлес қосқандығын түсінеді.
Тұлғаға
бағдарланған
тәсіл
мұғалім мен оқушының арасындағы тұлғалық қарым-
қатынасты, оқушыны тұлға ретінде құрметтеуді, оның моральдық-этикалық қасиеттерін,
әлеуетті қабілеттерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамытуды
білдіреді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында
тұлғаға бағытталған тәсіл оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді,
тарихи дамудың күрделі сұрақтарын талқылау барысында өзінің ой-пікірін анықтау мен
қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, тарихи оқиғаларға баға беру және өз бетінше
тұжырым, қорытынды шығару, қарастырылып отырған тарихи оқиғалар мен үдерістерге
өзіндік көзқарасы мен пікірін білдіруді көздейді.
Іс
-
әрекеттік
тәсіл
білім мен дағдылардың белсенді танымдық іс-әрекет барысында
қалыптасатынын білдіреді, өз кезегінде бұл тарихи деректер мен басқа да ресурстарды өз
бетінше іздеу, интерпретациялау, талдау, тұжырымдау мен бағалауды көздейді. Оқушылар
проблемалық сұрақтарды бірлесіп талқылау, рөлдік ойындар мен белсенді оқуда
белсенділік танытып, қатысады. Оқу бағдарламасында жаңа ақпаратты қолдану мен
түрлендіру мүмкіндіктерін қолдануға баса назар аударылады, өз кезегінде ол оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саралап
оқыту
тәсілі
оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы
бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін
әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар
тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді
саралау тәсілдерін қамтиды. Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі,
танымдық деңгейі, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін
сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
Коммуникативтік
тәсіл
екі немесе одан көп адамдардың сөйлесу арқылы қарым-
қатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және дағдылармен
алмасуы болып табылады. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тіл арқылы қарым-қатынас
жасауға қабілеттілік, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдаланып, қарым-
қатынас жағдайына сай тиімді қатынас тәртібін таңдай отырып, түрлі жағдайларда қарым-
қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және пікір алмасуға қабілеттілік
болып табылады. Коммуникативтік тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қарым-
қатынас дағдыларын және шынайы қарым-қатынас жағдайларына сәйкес жұмыс тәртібін
қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмаларды қамтуы тиіс (жұптық және топтық
жұмыстар).
Достарыңызбен бөлісу: