Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

5-тақырып. Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ 
жүздері. ХV-ХVІ ғғ. қазақ хандығы
 (1 сағат) 
1. Қазақ халқының құралуының тарихи алғышарттары. «Қазақ» термині 
тарихи жазба деректерде. 
2. Жүздік жүйенің құрылуы. 
3. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының күшеюі. 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. М. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» кітабы бойынша эссе құру. 
2. Т. Сұлтановтың «Поднятые на белой кошме» кітабы бойынша 
Жәнібек пен Керейдің шежіресін құру. 
1. 
Қазақ халқының шыққан тегі туралы мәселенің көптеген аспектілері 
ішінен лингвистикалық және антропологиялық тәсілдері айрықша орын 
алады. Себебі, Орталық Азия кеңістігінде айтылып отырған осы екі үрдістің 
екеуі де қатар түрде дамыды деуде негіз бар. Ежелгі уақытта 
мекендеушілердің етене негізі - қазіргілердің генетикалық тегі мен жігіне 
сәйкес келеді. Осыған сауал ретінде Л.Н. Гумилевтың пікірін келтірейік: 
«Көшпелілер тарихты бізге ұқсамайтын...рудың шыққан тегінің шежіресі 
тәрізденіп...эталоны өлі ата-бабасы болған жолмен қабылдаған»,-дейді. Осы 
дәйек шынайы түрде көрініс тауып отыр. Мәселен, арий мен сақ дәстүрлерін 
бүгінгі күні қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдарынан байқауға болады. 
Келесі бір жерінде Л.Н. Гумилев: «этникалық атаудың екі мағынасы болады: 
этникалық топтың тікелей өз аты және белгілі бір мәдени немесе саяси 
кешенді құрайтын тайпалар тобының жинақталған аты»,-деді. Рашид ад-дин 
мұны да атап өткен болатын: «Әрқайсысының дербес аты болса да 
монғолдардың даңқын өздеріне телігісі келіп, өздерін моңғолдар деп атаған 
наймандар, жалайырлар, керейттер, тағы басқа тайпалар сияқты , көптеген 
рулар ұлылық пен қадір-қасиет іздеп, өздерін татарлар тегіне жатқызып, 
солардың атымен белгілі болған»,-дейді. Сонда - Арий, Сақ, Үйсін, Қаңлы, 
Ғұн, Түрік, Монғол, Қазақ аттары дәуірдің саяси құбылыстарына 
байланысты болған жинақталған атау десек, шыққан тегі бір болған 
«ырыздық жанталасы» кезінде жалғыз халықтың басынан кешірген әрқилы 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
оқиғалардың қорыту түзетулері дейміз. «Осы сөздің жаны бар» дегендей, жан 
ағарту бағытын ілгеріден бастайық.
Адамның жаратылысы жайлы бірнеше ілімнің бар екендігі баршаға 
мәлім, олар: космологиялық, діни, ғылыми және т.б. Әрқайсысына 
тоқталмай, діни ілімін талдап көрелік. Адам-ата мен Хауа-ана мың жасап, 
400 үрім-бұтақ таратыпты. Көне кездегі «топан судан» аман қалған «Үлкен 
көш» - Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауында паналапты. Адамзаттың 
қайта туу дәуірін өрістетіп, тірі қалған Сам мен Шам ұрпағынан Ірфихшид, 
Халиғ, Ірғон, Асух, Ахур, Саурух, Ярух және Ибраһим тарайды. Адам-ата 
мен Хауа-ана тұрған баққа тағзым еткен Ибраһим пайғамбардан төрт ұл: 
Смағил кіндігі – арабтар, Хайдар кіндігі – еуропалықтар, Хамид кіндігі – ұлы 
моғолдар, Соломон кіндігі – еврейлер тарайды. Соломонның Меңсұлу 
қызымен шаңырақ көтерген Әннес Хамидұлы сахабадан үш қыз және бір ұл 
Мұңлығұл тарайды. Мұңлығұл атамыздың бес әйелінен тараған 92 баулы 
еліміз осы. Халқымыздың шежіресінен айтылатын «бесенеден белгілі» дейтін 
танымдылығы содан. Құнанбай Өскенбайұлы қажылық жолында жүргенде, 
кімсің сұрағына: «Біз қазақпыз, кәззап атанған Әннес сахабаның нәсіліміз. 
Құдай жолы құлымыз, Мұхаммед үмбетіміз. Құлшылық парызымызды 
өтейік. Қағбаға тағзым етіп, бір Жаратушыға жүгінушіміз»,-деп жауап 
беріпті. Сондағы қазіргі қазақ хандығы атанған 6000 жылдық тарихы бар 
хандықтар күйреп, қайта құрылған хандық жұрнағы. 
Қазақ елінің тегін «Алаш» сөзі мен «Шумер» өркениетімен 
байланыстырған О. Сүлейменов лингвистикалық тәсілді қолдана отырып 
дәлелдеген еді, осы шеруді Қорқыт атаның толғауынан байқауға болады: 
«Сыбай ұлы жалғызбын, Тауға біткен жалбызбын, Мені де баурай күнатып, 
Алты Алаштың Қорқытымын». Тарих әдебиетінде 
Алаш
сөзі жайлы 
қозғалған мәселелер көп болса да, соның дәйектісі жылқы жануарын қолға 
үйрету мен көшпелі тұрмыстың негізін қалайтын бірқатар элементтерге 
байланысты. Олар қазақтар үшін қасиетті «алаш» ұғымынан көрініс табады. 
М.Ж. Көпеев қазақ халқының пайда болуын аты аңызға айналған 
қазақтардың алғашқы ұрпағы - Алаша ханмен байланыстырады. Ол: «Алаша 
хан үш жүз жігіт пен он үш дана ақсақалды бастап, Ұлытау жазығында Қазақ 
мемлекетін кұрды. Жүздердің қолбасшылары Үйсін, Арғын және Алшын 
батырлар Алаша ханды ақ киізге салып, Ұлытау шыңына көтеріпті»,- деп, 
шежіресін қорытады. Қазіргі уақытта 
алаш
ұғымы елдік және ұлттық 
бірліктің негізі ретінде қолданылған ұран екені белгілі. Мифологиялық 
қанатты аттың бейнесі – «алаша» бастау алса, «алаша аттан» - төрткүл 
дүниені дүр сілкіндірген көшпеліліктің ұраны шығады. 
Қорытынды сөз ретінде айтсақ, қазақ елінің шыққан тегін «қазақ» 
атауынан іздеген шолақтыққа жатады. Өзіндік мәдениет құрған көшпелі 
өркениеті тектік жағдайын «халық», «ұлт» жүйесінде емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет