Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет29/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

 
жарты әлемді 
өзіне қаратпақ болды. Көздеген жоспарын жүзеге асыру үшін 
әрқилы тәсілдерді, соның ішінде елшілік құралдарын да барынша қолданды.
1219-1224 жылдардағы монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қиыр 
Шығыс, Алдыңғы Азия және Шығыс Еуропаның көптеген халықтары 
мемлекеттерін біріктірген империя құрылды. Осылайша қазіргі Қазақстан 
мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді. 
ХІІІ-ХV ғасырларда Ұлы Даланың тарихи шеңберінде бірнеше мемлекет 
пайда болады. Олар алғашында Шыңғысханның орталықтандырылған 
билігіне бағынады, кейіннен ол өлген соң тәуелсіз мемлекеттерге айналады, 
олар Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан және т.б. Осы ұлан-байтақ 
жерлерді Шыңғысхан төрт ұлына үлестірген болатын.
ХІІІ ғасырдың 60-шы
жылдарының аяғына қарай Монғол империясы төрт ұлыс-мемлекетке 
ыдырады, олардың әрқайсысын хандар – Шыңғысханның ұрпақтары
биледі. Олар: 
1. Алтын Орда, шығыста – Ертістен бастап батыста – Дунайға дейін 
және барлық орыс князьдіктері. Бұл мемлекетті Шыңғысханның үлкен ұлы - 
Жошының (1227 ж. өлген) ұрпақтары биледі, оның әулеті Ұлы Далада және
шектес аймақтарда жоғарғы билікті өте ұзақ уақыт бойы – ХІХ ғасырдың
ортасына дейін сақтады. 
2. Шағатай мемлекеті - Мавераннахр, Жетісу және Қашқариядан
құралды, оның әулеті ХVІІ ғасырға дейін тіршілік етті. 
3. Хулагуидтар мемлекеті - Иранда Шыңғысханның төртінші ұлы 
Тулуйдың ұлы Хулагу ханмен (1265 ж. өлген) құрылған. Хулагу әулеті 
сондай-ақ «Елхан» титулын иеленді, сондықтан Иранның монғолдық 
билеушілерін Елхандар деп жиі атайды. Елхандар мемлекеті ХІV ғасырдың 
ортасында ыдырады.
4. Орталығы Ханбалықта (Пекин) болған Монғолия мен Қытайдың 
өзіндегі мемлекетті Тулуйдың (1233 ж. өлген) ұрпақтарының басқа тармағы 
– Құбылай (1294 ж. өлген) биледі. Бұл мемлекет Юань империясы деген 
қытайдың ресми атын алды. Тулуйдың ұрпақтары Монғолияның өзінде ХVІІ 
ғ. дейін билігін сақтады, ал Қытайда олардың орнына Мин әулеті келгенде, 
олар 1368 ж. дейін ғана биледі. 
2. 
Аталған төрт монғол мемлекетінен Алтын Орданың маңызы бізге 
ерекше. Тарихи деректерде оның әртүрлі атаулары бар: Жошы Ұлысы,
Дешті-Қыпшақ, Берке елі, Солтүстік Патшалық. Орыс деректерінде ол 
Алтын Орда атауымен белгілі. Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша: «Барлық
жарлықтарда 
Алтын Орда
Ұлық Ұлыс
деп аталады және түркі тарихшылары 
мен халық аңыздарында... ешқашан Орда деп аталмаған». Алтын Орданың 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
құрамына Шығыс Дешті-Қыпшақ (Ертіс өзенінен батысқа қарай Еділдің 
сағаларына дейін Қазақстанның далалық аймағы), Батыс Сібір, Хорезм
және Солтүстік Кавказ, еділдік Бұлғар, Қырым жерлері кіреді. Орыс 
княздіктері Алтын Орданың тәуелді еліне айналды, олар хандардан «княздік 
құруға жарлық» алып, алым-салық төлеп отырды.
Алтын Орданың іргесін қаламай тұрып Батый - ағасы Орда Еженге 
Қазақстанның басым бөлігін, бұрынғы Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі 
Оңтүстік, Орталық, ішінара Солтүстік-Шығыс Қазақстан) жерін бөліп береді. 
Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі 
Шайбанға берді. Ол Көк Орда деп аталды. Ақ Орда ханы Орда Ежен 
жасының үлкендігіне қарамастан әкесінің тағын інісі Батуға береді. Өтеміс 
қажы осы оқиғаға байланысты былай деп айтып еді: «Менің сенен жасымның 
үлкендігі рас. Бірақ біздің марқұм әкеміз сені өте қатты сүйіп, еркелетіп 
өсірді. Мен де сені еркелеттім, саған бағындым. Егер де мен хан болсам, 
саған бағына алмаймын. Біздің арамызда реніш туады. Сондықтан, сен хан 
бол. Мен сенің хандығыңды көтере аламын»,-депті. 
Алтын Орда көпұлтты және әрдеңгейлі шаруашылығы бар мемлекеттік 
құрылым еді. Мемлекет Жошы ұрпағынан шыққан шыңғыздықтардың 
меншігі болып саналды. Мемлекеттік мәселелерді шешуде құрылтай 
шақырылып отырды. Елшілік жүйесін беклербек басқарды. Атқарушы үкімет 
- диуан басында уәзір тұрды. Даруғалар мен басқақтар алым-салық жинау 
міндетін атқарды. Ноян, баһадүрлар әскербасы–түмендер, мыңбасы, жүзбасы 
болып тағайындалды. Басқару мен иемденудің ұлыстық жүйесі құрылды. 
Шыңғыздықтардың барлығы да ұлыс алуға хұқы болды. Шыңғыздықтардың 
басқа өкілдері ханға қызмет атқарғаны үшін ұлыс алатын. Бірте-бірте 
иммунитетті хұққа – тархандық пайда болды. Жер-суды мұралық тарту 
ретінде иелік сипаты сойұрғал қалыптасты.
Алтын Орда дәуірінде Ұлы дала экономикасы жаңа сипатта гүлдене 
бастады. Сауда және халықаралық қатынастарының орталығына айналды. 
Қытай деректерінде былай деп жазылған: «Шынғыс хан Шығыс пен Батысты 
байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен 
бастиондарды жермен-жексен етті. Осыдан кейін ғана экономикалық және 
мәдени қатынастар жақсарып, Шығыс пен Батыстың гүлдену кезеңі 
басталды». Ислам дінінің таралуымен қалаларда мешіттердің, кесенелердің 
өсуі көрінеді. Қазақстандағы исламды таратуда, қолдауда Яссауи сопылық 
ордені әсіресе белсенді болды. Бұл мектептің діни-мистикалық идеялары 
«Диуани-Хикмет» кітабында көрсетілген. Кейін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 
қазақтың ұлттық пантеонына айналды. 
1359 жылы Бердібек хан өлгеннен кейін Алтын Орданы билейтін Жошы 
әулетінің Батый тармағынан өрбіген өкіл қалмады. Алтын Ордада қат-қабат 
қайшылықтар мен тартыстар басталды. Күрес барысында Ақ Орданың 
сұлтандары Орда Еженнің әулеттері қатысты. Саяси дағдарыс нәтижесінде 
тәуелсіз иеліктер құрыла бастады. Алтын Орданы қайтадан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет