жолын жабуға тырысады. Допты иеленген шабуылшыларға қарсы тұрып,
олардың әрекетіне бөгеу болып, допты тартып алуға тырысады. Бұл кезде
допсыз ойыншыға әрекеттенген қорғаушы, оған жақсы позицияны игеруге
жол бермейді. Ол егер серіктесі қарсыласынан ұтылып қалған жағдай болса,
қорғаныс үшін орнығысады.
2. «Жалғыз екеуге қарсы». Жаттығу алаңда 10х10 қадамында өткізіледі.
Жалғыз қорғаушы екі шабуылшының әрекетіне бөгет болып, допты тартыа
алуға тырысады. Ол үшін ол алаңның ең тиімді жері – ортаға қарай
орналасады. Допты иеленген ойыншының әрекетін бақылай отырып, ол артқа
шегіне отыра, допты тартып алатындай сәтті күтеді. Ойын кезде ойыншылар
рольдерімен кезек алмасып отырады.
3. «Қақпа көтерілісі». Алаңның ортасында доппен төрт шабуылдаушы
болады. Төрт қорғаушы қақпашы қорғап тұрған қақпаны қорғау үшін оның
алдына барып тұрады. Шабуылдаушының белгісі бойынша доппен алға
жылжиды. Қорғаушылар шабуылшыдан допты тартып алып, оны алаңның
ортасына тебуге тырысады. Біршама уақыттан соң командалар рольдерімен
ауысады. Голды аз өткізген команда жеңіске жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: