50
б) көлемді өлшеуіштерді өлшеудің негізгі ережелері: егер толық
өлшеуішпен өлшесек, нәтиже дұрыс болады.
в) өлшеуіштің көлеміне қлшеу нәтижесі байланысты екендігі туралы
ұғым.
Ары қарай көлемнің бірлігі ретінде литрмен және жалпы міндетті
сұйықтықты өлшеу тәсілімен танысуға өтуге болады:
а) тәрбиеші балаларға олардың сұйықтық заттардан білетіндерін айтуды
ұсынады;
б) өлшеу кружкасы көрсетіледі және сұйық заттарды «литр» деп аталатын
өлшеуішпен өлшейтіні және өлшеу кружкасына литр су сиятыны туралы
түсінік беру;
в) өлшеу кружка көмегімен басқа ыдыстардың сыйымдылығы
анықталады;
г) қашан және неге литрмен өлшеу қажеттігі анықталады.
Тәжірибелік дағдылар мен білімді бекіту үшін өткізуге болады: а)
«Дүкен» ойыны, бұл ойын кезінде сатушы сатып алушыларға банкаларға 1л, 2л,
3л сүт береді; б) «Ыдысқа қанша литр су сиятынын тап» (алғашында көлемі
көзмөлшермен, кейін өлшеуішпен анықталады); в) екі ыдыстағы сұйықтық
мөлшерін теңестіру жаттығуы.
Мұндай жұмыс барысында балаларда көлем өлшеу бірлігі туралы ұғым
қалыптасады, «литр» сөзінің мағынасы түсініктірек болады, ыдыс
сыйымдылығын анықтау тәсілін түсінеді (сурет -4.3).
Жалпы міндетті өлшеуіштермен таныстыру үшін мектеп жасына дейінгі
балалар тәжірибесі мен күнделікті өмірін кең көлемде алған дұрыс.
Сурет-4.3. Өлшеуіштер түрі
Достарыңызбен бөлісу: