Байланысты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
6.2 Жасерекшелік топтарында кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі Екінші кіші тобындағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі .
Дене мүшелерінің орналасуына қарай бағдарлануға үйрету (бас, аяқ, көз, құлақ,
арқа және т.б.). Соған сәйкес өзінен кеңістіктің бағыттарын ажырата білуі
(алдында-артында, үстінде-астынжа, оң жағында-сол жағында). Оң қолы мен
сол қолын ажыратуды үйрету.
Екінші кішілер тобында кеңістіктегі қозғалысты үйрету үрдісінде
жалаушалар, ойыншықтар және ойындар қолданылады. Ондағы негізгі мақсат
балалардың зейінін кеңістіктің әр түрлі нұсқасындағы орналасқан заттарға
аудару, сөздік қорында көмекші сөздерді (жанында, артында, астында және т.б.)
белсендендіру болып табылады.
Оқу әрекетіндегі тәрбиеші диалог ұйымдастырып, сұрақ қояды: «Аю не
істеп тұр? Қай жерде ұйықтап жатыр? Аю қай жерге бара жатыр? Аю допты қай
жерден іздеп жүр?». Тәрбиеші балалардың жауаптарын нақтылап, зат
есімдердің жалғауларын етістік және үстеулердің көмегін өзгертуге баулиды.
Аю допты тапқаннан кейін, қай жерден, қалай іздеп тапқандығын сұрайды.