Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


Мектепалды даярлық тобындағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру



Pdf көрінісі
бет41/53
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#91576
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

 
Мектепалды даярлық тобындағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру 
әдістемесі
. Балаларды шектеулі жазықтықта бағадарлануға үйрету (парақ, 
тақта, дәптердің беті, кітап және т.б.); көрсетілген нұсқау бойынша заттарды 
және олардың суреттерін орналастыру (оң жағында, сол жағында, жоғарыда
төменде, жоғарырақ, төменірек, сол жақ жоғары бұрышында, оң жақ жоғары 


67 
бұрышында, алдында, жанында, ортасында және т.б.). балаларды бағыттың 
жоспары, схемасы және жолдың картасымен таныстыру. 
Обьектілер арасындағы кеңістік қатынастарын сурет, жоспар, схема 
түрінде жобалау қабілеттерін дамыту қажет. Обьектілердің қозғалыс бағыты 
мен кеңістік қатынасын бейнелейтін қарапайым графикалық ақпаратты «оқуға» 
үйрету (оң жақтан сол жаққа қарай, сол жақтан оң жаққа қарай, жоғарыдан 
төмен қарай); шартты белгілерге немесе символдарға қарап кеңістікте 
бағдарланып жүруге үйренеді 
Мектепке дейінгі балаларды оқытуда түсіндірмелі-сөздік әдістер, 
нұсқаулар, жаттығулар, дидактикалық және қозғалмалы ойындар кеңінен 
қолданылады. Қарама-қайшы бағыттағы ұғымдар жұптық әдіспен 
таныстырылады: жоғары-төмен, оң-сол және т.б. Осындай оқытудың негізінде 
кеңістікте орналасуына қарай заттардың жеке қасиеттерін, сондай-ақ олардың 
арасындағы көлемдерін де қабылдауды үйренеді. Мәселен, қуыршақтар музыка 
немесе ас ішу бөлмесіне барады деп, оларды ретімен орналастырып, бірінің 
артынан бірі қозғалып жүруі қажет, немесе қуыршақтар кездесіп біріне бірі 
қарап тұр. Бұл жаттығулардығ және ойындардың нәтижесінде кеңістік қатынас 
жетік меңгеріп, өзге балалармен қарым-қатынасқа түсуге жағдай жасалынады.
Бала өзінің оң және сол жақ қолын айқын ажырата алуына ерекше көңіл 
бөлінеді. Тәрбиеші әр қолдың өзінің атқаратын қызметі бар екенін түсіндіріп, 
сипаттама береді: оң қолда қарындашты, ал сол қолда парақты ұстап сурет 
саламыз. Оқу әрекетібарысында таратпа материалдарды оң қолмен алып, сол 
жақтан бастап оң жаққа қарай орналастыруын дағдыландырады. Осындай 
тапсырмаларды бермес бұрын, оң қолды, кейін сол қолды көтеруін сұрап, 
нақтылап алу қажет.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу әрекетінде 
мынадай жаттығуларды кеңінен пайдаланады: оң қолмен парақты қолыңа ал, 
оны жоғары көтер, төмен түсір, алдыңа қой; оң қолмен оң жақ құлағынды ұста, 
сол қолмен сол жақ құлағыңды ұста және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет