73
-
мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуына қойылатын
заманауи талаптар мен озық тәжірибені зерделеу арқылы тәрбиешінің
біліктілігін арттыру.
Мектепке дейінгі ұйымдарда математикалық білім беру жөніндегі
жұмысты екі апталық жоспарлауға қойылатын талаптар:
1. Математикадан ұйымдастырылған оқу әрекеті аптаның ортасында
күннің бірінші жартысында жоғары ақыл-ой жүктемесін талап етпейтін
сабақтармен ұштастыра өткізіледі;
2. Аптасына оқу әрекетінің сағат саны үлгілік бағдарламамен
анықталады;
3. Бір ұйымдастырған оқу әрекетінде әдетте бір жаңа тапсырмадан көп
болмау керек, қалғандары қайталау және бекіту тапсыпма түрінде беріледі.
4.
Екі
апта
ішінде
қарапайым
математикалық
түсініктерді
қалыптастырудың барлық бес тарауын (саны мен санау, көлем, пішіні,
кеңістіктегі бағдарлау, уақыт бойынша бағдарлау) қамтитын тапсырмалар
болуы керек;
5. Математикадан басқа ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде және күн
тәртібінің элементтерінде балаларды математикадан жаңа білім алуға
дайындау, зерделенген материалды бекіту және қолдану, жеке жұмыс жүргізу
жұмыстары жүреді.
Назарда ұстау керек, ұйымдастырылған оқу әрекетінде міндеттерін дұрыс
тұжырымдау қажет:
• жаңа міндеттер: "үйрету", "түсінік беру", "таныстыру", "ептілікті
қалыптастыру" деген сөздерден басталады;
• бұрынғы міндеттер: "қайталау", "бекіту", "пысықтау", "ептілікті
жетілдіру"деген сөздерден аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: