Анаэробтарды өсіру. Анаэробты микроорганизмдер сутегінің асқын тотығын ыдыратуға қатысы
бар каталаза ферментін түзбейтіндіктен оттегі жоқ ортада өсіп-өнеді. Ондай микробтардың өсіп-өнуіне
қолайлы жағдайлар жасаудың бірнеше тәсілдері бар.
Физикалық әдісте анаэробиоз вакуумдық насос арқылы іске асырылады. Ол үшін
микроорганизмдер себінділері бар эксикатордағы ауаны манометрі бар насоспен сорып алып, оны анаэробты
өсіруге арналған термостатқа қояды.
Химиялық әдісте оттегін химиялық заттардың көмегімен жояды. Құрамында пирогаллол және 10%-
натрий гидроксиді бар өсінділерді герметикалық жабылатын ыдысқа салып, термостатта өсіреді.
Биологиялық әдісте аэробтар мен анаэробтарды бірге өсіреді. Ол үшін Петри шынысындағы ЕПА-
ын екіге бөліп, бір бөлігіне аэробтыларды ал екінші бөлігіне анаэробты микроорганизмдерді себеді де Петри
шыныларының айналасын парафинмен бекіткеннен кейін термостатқа қояды. Бастапқы кезде аэробтар өсіп,
оттегі таусылғаннан кейін анаэробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай пайда болады.
Аралас (комбинирленген) әдісте анаэробиоз бірнеше әдістерді қатар үйлестіру арқылы іске
асырылады. Ол үшін Китта-Тароци (ЕПБС) ортасының бетіне индиферентті вазелин майын құйып, газдар
мен оттегін жою үшін су моншасында қайнағанға дейін қыздырады.
Әдебиеттер: 1 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 68-72.