Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу



Pdf көрінісі
бет68/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу.
Тауық эмбриондарын
вирустардың көбею белгілерін анықтау және вирусы бар материалдарды алу үшін асептикалық жағдайларды
сақтай отырып ашады. Құрамында вирусы бар материалдар ретінде ХАҚ, ұрықтың ұлпалары, сарыуыз
қапшығы, аллантоис пен амнион сұйықтықтары алынады. Аллантоис пен амнион сұйықтықтары құрамында
вирусы бар дайын суспензия болып табылады.
Эмбрионды ашардан бұрын қауызды йодталған спиртпен өңдейді. Стерильді саймандардың
көмегімен ауа камерасының үстіңгі жағындағы қауызды кесіп алады. Бұл жағдайда қайшыны ауа
камерасының астындағы қабықшасына тигізбеу және қауыз ішкі жағына түспеуі керек.
Жалаңаштанған ХАҚ-ын пинцетпен көтеріп патологоанатомиялық өзгеріске ұшырағандығын
байқап, сол жерін қайшымен кесіп алады. Ал ХАҚ-ының барлық жерлерін қарау үшін ұрықты, сарыуыз
қапшығы мен белогын алып тастаған соң ХАҚ-ын қауыздан ажыратып, стерильді физиологиялық ерітінді
құйылған Петри шынысына салады. ХАҚ шайып, екі пинцеттің көмегімен жазып, тексереді. Қабықшаның
патологоанатомиялық өзгеріске ұшыраған жерлерін анық көру үшін Петри шынысының астына қара түсті
қағаз қояды.
Қауыздың астыңғы қабықшасы мен ХАҚ-ын тесіп, аллантоис сұйықтығын (10 мл) Пастер
түтікшемен сорып алады.
Аллантоис сұйықтыығн алғаннан кейін ұрықтың мойнының тұсынан түтікшемен амнион
сұйықтығын (1 мл) сорып алады.
Сарыуыз қапышығын Петри шынысына салып, қайшымен кескеннен кейін физиологиялық
ерітіндімен шаяды да сарыуыз қапшығының қабырғасын вирусы бар материал ретінде алады. Ұрықты
пинцеттің көмегімен алып шығады.
Тауық эмбриондарын ашқаннан кейін міндетті түрде вирусы бар материалдардың тазалығын
анықтау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Ол үшін материалдардан ЕПС, ЕПА, ЕПБС және Сабура
ортасына себінді жасайды. Вирусы бар материалдарды минус 25
0
С немесе одан төменгі температурада
сақтайды.
Әдебиеттер:
1 Троценко Н.И., Белоусова Р.В., Преображенская Э.А Практикум по ветеринарной вирусологии //
Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 59-79.
Бақылау сұрақтары:
1 Вирусологияда тауық эмбриондарын қандай мақсаттарда қолданады? 2
Тауық эмбрионының құрылысы. 3 Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау тәсілдері. 4 Тауық
эмбриондарына экспериментальды жолмен жұқтыру тәсілдері. 5 Вирустар көбейген тауық эмбриондарының
белгілері. 6 Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет